Химия пәнінен элективті сабақтарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға негізделген эксперименттік тапсырмалардың қолданылуын зерттеу

Авторлар

  • Жұлдызай Рамазан Астана халықаралық университеті
  • Бинұр Мұсабаева Астана халықаралық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-83-92

Түйінді сөздер:

функционалдық сауаттылық, химия сабақтары, элективті сабақтар, эксперименттік тапсырмалар, әдістемелер, химиялық реакциялардың заңдылықтары, ситуациялық сұрақ

Аннотация

Бұл мақала химия пәнінен элективті сабақтарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында эксперименттік тапсырмалардың қолданылуын зерттеуге арналған. Функционалдық сауаттылық – оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану қабілеті, сын тұрғысынан ойлау, өздігінен шешім қабылдау дағдыларын дамытудағы маңызды фактор. Мақалада функционалдық сауаттылықты арттырудың әдістемелік тәсілдері ұсынылып, химия пәнінде тәжірибелік сабақтардың рөлі талқыланды. Зерттеу барысында оқушылардың пәндік және жалпы біліктіліктерін дамытуға ықпал ететін нақты тапсырмалар үлгілері берілді. Сонымен қатар, мақалада функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін интерактивті әдістерді қолдану, химиялық эксперименттерді өмірлік жағдайлармен байланыстырудың тиімділігі талданған. Зерттеу нәтижелері эксперименттік тапсырмалардың оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдану қабілетін жақсартуға ықпал ететінін көрсетті. Автор оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылымға деген оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында нақты әдістемелік ұсыныстар ұсынады. Бұл мақала химия пәні мұғалімдеріне, білім беру саласындағы зерттеушілерге және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға мүдделі мамандарға арналған.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Қалай келтіруге болады

Рамазан , Ж., & Мұсабаева, Б. (2025). Химия пәнінен элективті сабақтарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға негізделген эксперименттік тапсырмалардың қолданылуын зерттеу. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 113(2), 83–92. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-83-92

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі