Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушының кешенді құзыреттілігін дамыту жолдары
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-4-56-66Түйінді сөздер:
әдебиетті оқыту, кешенді құзыреттілік, рухани-эстетикалық, ұлттық құндылықтар, коммуникативті сөйлеу регистріАннотация
Қарым-қатынас, ұлттық құндылықтар қоғамда маңызды рөл атқаратын қазіргі заманда әдебиетті оқу және зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әр мұғалім әдебиетке деген қызығушылықты қалай ояту, баланың (оқушының) көркем шығармаларды оқуға деген ниетін қалай қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ оқуға қандай көркем шығармаларды ұсынған дұрыс екендігі туралы ойланады. Көркем шығарманы оқуға баулу мұғалімнің міндеті. Бұл мақалада адамгершілік қасиеттер мен ұлттық құндылықтар, ұрпақтардың рухани байлығы көркем шығармаларды оқу арқылы қалыптасу жолы көрсетіледі. Бүгінгі таңда білім беру саласы жаңа технологиялармен, жаңа әдістермен толықтыруда, сондықтан қазақ әдебиетін оқыту білім берудің жаңа идеяларына негізделуі тиіс. Әдебиетті оқыту жаңа сапаға ие болуы керек. Автор әдеби құзыреттілікті қалыптастырудың түсіндірмесін және жаңа мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдануды мысал ретінде беріп отыр. Алдымен автор қазақ әдебиеті әдістемешілердің теориясын негізге алу керек екеніне назар аударды. Сол еңбектердің нәтижелері әдебиет сабағының сапасын арттыруға, оқушыны кешенді талдау негізінде ұлттық құндылықтарға баулуға, қазақ тілінің байлығын, оның көркемдеуіш құралдарының функцияларын меңгеруге, оқушының тұлғалық қасиеттерін тарихи тұлғалар бейнесі арқылы қалыптастыруға жетелейді. Бұл мақалада осы әдебиет сабағында оқушының кешенді құзыреттілігін дамыту жолдары автор қолданған жаңа құралдар арқылы көрсетіліп отыр. Коммуникативті регистр бүгінгі күнде шығармадағы кейіпкерлердің көзқарасын сомдайтын құрал болып саналады. Сол бес регистр бүгінгі күні әдеби шығармаларды ізденіп оқуға жол ашатын құрал ретінде көрсетілген (оның әдістемелік құндылығы бойынша отандық ғалым К. Н. Булатбаеваның ғылыми еңбектеріне сілтеме берілген). Оқушылар репродуктивтік, ақпараттық, генеритивтік, өкімдік, реактивтік регистрлердің мағынасын түсініп, шығармадағы регистрлерді анықтап, олардың шығарма идеясын ашудағы рөлін анықтайды. Оқу процесінің нәтижесі ретінде бір көрініс кесте түрінде берілген. Осы бір құрал мысалында оқушылардың әдебиет сабағында кешенді құзыреттілікке ие болатыны, шығарма оқуға қызығушылық туатыны дәлелденіп отыр.