Білім сапасын арттыру контекстінде мектептерді кешенді қолдау: «50 сәтті мектеп» жобасы

Авторлар

  • Амирхан Саулембеков «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры
  • Ержан Аубакиров «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры
  • Еркебұлан Жұмашов Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-4-10-26

Түйінді сөздер:

білім беру, орта білім, педагог, педагогтерді қолдау, білім сапасы

Аннотация

Мемлекеттің дамуына, қоғамның өркендеуіне, азаматтардың бақуаттылығына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі сапалы білім. Академиялық зерттеулердің нәтижесі білім беру сапасына ықпал ететін ең маңызды фактор педагог екенін дәлелдеді. Педагогтердің білім сапасына ықпалы инфрақұрылым, білім беру стандарттары мен бағдарламалары, оқу құралдары мен ресурстары, білім алушылардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы т.б. факторларға қарағанда жоғары. Білім сапасын арттыруда мектеп әкімшілігінің де үлесі жоғары, сындарлы басшысыз білім сапасы төмен мектептерде оң өзгеріс болмайтындығын зерттеу нәтижелерімен қуаттайды. Сондықтан білім саласына бағытталған инвестиция алдымен педагогтердің және менеджерлердің әлеуетін арттыруға бағытталуы маңызды. Мақалада Алматы облысында іске асып жатқан «50 сәтті мектеп» жобасының тиімділігін зерттеу және бағалаудың әдіснамасы ұсынылды. Жобаларды бағалау, оның ішінде әлеуметтік және білім саласындағы жобаларды зерттеу бойынша әдебиеттерді зерделеу нәтижесінде  әзірленген әдіснама «50 сәтті мектеп» аясындағы жұмыстардың сапасын ғана емес, сонымен қатар білім саласына қатысты басқа да жобаларды зерттеуде үлгі ретінде қолдану контекстінде пайдалы. Сондықтан мақалада білім беру саласындағы жобалардың тиімділігін қарапайым тәсілмен бағалауға мүмкіндік беретін жаңа модель жазылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-29

Қалай келтіруге болады

Саулембеков , А., Аубакиров , Е., & Жұмашов , Е. (2023). Білім сапасын арттыру контекстінде мектептерді кешенді қолдау: «50 сәтті мектеп» жобасы. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 107(4), 10–26. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-4-10-26

Шығарылым

Бөлім

Білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру