Қазақстанның білім беру ұйымдарында инклюзивті практиканы іске асыру
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-4-153-162Түйінді сөздер:
инклюзивті білім беру, инклюзивті практика, ерекше білім беруді қажет ететін балалар, жеке оқу бағдарламасы, жеке оқу жоспары, психолого-педагогикалық қолдау, арнайы педагогтер, инклюзивті білім беру ортасыАннотация
Мақала Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі жағдайын талдауға арналған. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін директорлармен, педагогтермен және мамандармен сапалы интервью материалдары негізінде инклюзивті практиканың негізгі көрсеткіштері анықталды: инклюзияның мәнін түсіну, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, оқу материалын бейімдеу әдістерін қолдану, педагогтердің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге дайындығы, респонденттердің инклюзивті білім беруді іске асыруды бағалауы және оларды жақсарту бойынша ұсыныстары. Зерттеудің эмпирикалық базасын интервьюмен қатар Google Forms форматында педагог қызметкерлерге жүргізілген сауалнама деректері және Қазақстан мектептерінде инклюзивті практиканы іске асыруды реттейтін нормативтік базаны талдау құрады. Ерекше назар қолдаудың кең түрлерін қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесіне аударылды (жеке білім беру бағытын ұйымдастыруды қажет ететін балаларды анықтау, инклюзивті білім беру процесіне қатысушыларға консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды іске асыруды сүйемелдеу және т.б.). Мақала авторлары балалардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша педагогтердің кәсіби дамуын арттыру қажеттілігі, инклюзивті білім беру жағдайында балаларды әлеуметтендіру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту іс-шараларын іске асыру мақсатында әртүрлі бейіндегі мамандардың күш-жігерін біріктірудің орындылығы жөнінде қорытынды жасайды.