Қазақстанда инклюзивті білім беру саясатын дамыту туралы

Авторлар

  • Айгуль Мухаметжанова Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Кулжан Айдарбекова
  • Эльнура Қосылған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-4-142-152

Түйінді сөздер:

инклюзивті саясат, инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері, психологиялық-педагогикалық қолдау

Аннотация

Берілген мақалада авторлар еліміздің нормативтік құқықтық базасының халықаралық қоғамдастықта қабылданған инклюзия индикаторларына сәйкестігін зерттеу негізінде инклюзивті білім беру саясатын, сонымен қатар инклюзивті білім беру мәселелері бойынша Ұлттық білім беру деректер қорының өлшемдерін зерттеу нәтижелерін ұсынады. Жұмыста ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу, нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеу, статистикалық деректерді талдау, құрылымдық және факторлық талдау, синтездеу, салыстырмалы талдау және зерттеу нәтижелерін жалпылау әдістері секілді әдістер қолданылды. Авторлар ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың білім беру саласындағы қағидаттары, саясаты және практикалық қызметі туралы Саламанка декларациясының инклюзивті саясаттың қоғам мен оның институттарын кез келген адамның қоғамға қосылуын қолдайтындай етіп өзгерту қажеттілігін жариялайтындығы жөнінде ережесінің өзектілігін растайды. Сонымен қатар аталған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін білім беру ұйымдарының түріне, типіне және деңгейіне қарамастан барлық ұйымдарда инклюзивті білім беру ортасын құру саласында терең іргелі зерттеулер қажет деген қорытындыға келеді. Зерттеу нәтижелері негізінде мақала авторлары мемлекеттің инклюзивті білім беру саясатын дамытудың өзекті мәселелерін шешу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жөнінде тұжырымдайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-29

Қалай келтіруге болады

Мухаметжанова , А., Айдарбекова , К., & Қосылған, Э. (2023). Қазақстанда инклюзивті білім беру саясатын дамыту туралы. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 107(4), 142–152. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-4-142-152

Шығарылым

Бөлім

Арнайы және инклюзивті білім беру