Орта мектептегі стереометриялық есептерді шешуде векторлық-координаталық әдісін пайдаланудың тиімділігі туралы
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-4-48-55Түйінді сөздер:
векторлық-координаталық әдіс, геометриялық есеп, кеңістіктегі координаталар жүйесі, стереометриялық есепАннотация
Оқушылардың математикалық дайындық деңгейін арттыру мақсатында мектеп геометрия сабақтарында пәнді жақсы меңгеру және математика пәнінен емтихан тапсыруға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару керек. Мақалада көптеген геометриялық есептерді шешудің негізгі әдісі болып табылатын векторлық-координаталық әдіс қарастырылады. Әсіресе метрикалық сипаттағы геометриялық есептер. Бұл әдістер геометриялық есепті алгебралық есепке келтіреді. Векторлық әдісті нақты жағдайларда қолдану: геометриялық тілді векторлық тілге және керісінше аудару; векторлармен амалдарды орындау; векторды сан мен вектордың көбейтіндісі, векторлардың қосындысы мен айырымы түрінде жазу; векторлар арасындағы бұрыштың шамасын скаляр көбейтінді арқылы өрнектеу және т.б. дағдыларды меңгеруді талап етеді. Векторлық-координаталық әдіс интуицияны, болжамды, қосымша салуларды қажет етпейді: есептерді шешу алгоритмделген, бұл көп жағдайда есепті шешуді жеңілдетеді. Векторлық-координаталық әдісті Ұлттық бірыңғай тестілеу есептерін шығаруда қолданудың тиімділігі – оқушыларға күрделі есептерді шектеулі уақытта шығару. Жалпы орта білім беру деңгейінде бірқатар стереометриялық есептерді шешу мысалында векторлық-координаталық әдісті қолданудың артықшылықтары көрсетілген. Мақаланың мазмұны жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, жоғары сынып оқушыларына қызығушылық тудыратыны сөзсіз.