Үй тапсырмасының мазмұнын рұқсат беретін уақыт стандарттарына сәйкес оңтайландыру
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-4-67-77Түйінді сөздер:
үй тапсырмасы, оңтайландыру, уақыт стандарттары, бағалау, бағалау критерийлері, дескрипторлар, оқу мақсаттарыАннотация
Бұл мақала жоғары сынып оқушыларына арналған оқу үй тапсырмасын оңтайландыру мәселесін қарастырады. Қарастыру пәні- үй тапсырмасының мазмұнын оны орындаудың рұқсат етілген максималды уақыт нормаларына сәйкес оңтайландыру процесі болып табылады. Мақсаты – орта мектепте ағылшын тілінен үй тапсырмасының мазмұнын оны орындаудың рұқсат етілген уақыт нормаларына сәйкес анықтау әдістемесін әзірлеу және сынау. Мақалада «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерінде үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын уақыт мәселесі көтеріледі, бұл оқушыларды келесі оқу күніне бірден бірнеше пән бойынша дайындауды көздейді. Мақалада осы зерттеудің кейбір нәтижелері, атап айтқанда, оқушылардың сауалнамасының нәтижелері, уақыт формаларымен жұмыс, дескрипторлармен тапсырмалар мысалдары және зерттеу нәтижелері берілген. Үй тапсырмасын дайындау бойынша жүргізілген жұмыстар мұғалім оқу-тәрбие процесінде тек білім беру сабағының мазмұнын ғана емес, сонымен қатар оның мазмұнын оңтайландыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді жүзеге асырса, оқу үдерісі тиімді және денсаулықты сақтайтынын көрсетті