Оқу процесінде құндылықтар тұрғысынан тарихи білімнің тәрбиелік әлеуетін арттыру негіздері

Авторлар

  • Айнұр Архыматаева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Махсат Алпысбес Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Мустафа Гөкче С. Кочман атындағы Мугла университеті, Мугла қаласы, Түркия

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-77-87

Түйінді сөздер:

тарихи білім, құндылықтар, тарих сабағы, құндылық білімі, ұлттық құндылықтар, рухани құндылықтар және тарихты оқыту бағдарламалары.

Аннотация

Оқу процесінде оқу пәнінің тәрбиелік мазмұнын құндылықтар негізінде интеграциялауға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтаудың өзектілігі артып келеді. Құндылықтар мен оларды түсінуге назар аудару тарихтың бетбұрыс кезеңдерінде ерекше маңызға ие. Біздің қазіргі ұлттық құндылықтарға жүгіну білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаттарының бірі болуға тиіс.  Тарих сабақтары арқылы білім алушыларға тәрбие беру мүмкіндіктерін әр педагог оқу процесінде басшылыққа алуы тиіс. Мақалада тарих сабақтарындағы тәрбие бағыттары: азаматтық-патриоттық тәрбие беру, жалпы мәдени және рухани құндылықтарды тәрбиелеу, тарих сабақтарындағы адамгершілік тәрбие, еңбек тәрбиесі эстетикалық тәрбие, құқық тәрбиесі өлкетану материалдарымен жұмыс негізінде тарих сабағының тәрбиелік міндеттерін анықтау негіздері қарастырылған. Тарих пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мазмұнын жетілдіру бойынша құрылған жұмыс тобын құрайтын Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі пән мұғалімдерімен сұхбат  барысында оқу поцесінде оқыту мақсаттары негізінде білім мазмұнының тәрбиелік әлеуетін көтерудегі мәселелер айқындалды. Мақалада зерделеу бойынша тарих сабақтарында құндылықтарды оқу мазмұнына кіріктіру, тарих сабақтарында құндылықтарды оқытуда қолданылатын әдістер, тарих сабақтарында құндылықты арттыру қозғалады.  

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-30

Қалай келтіруге болады

Архыматаева, А., Алпысбес , М., & Гөкче, М. (2023). Оқу процесінде құндылықтар тұрғысынан тарихи білімнің тәрбиелік әлеуетін арттыру негіздері. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 106(3), 77–87. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-77-87

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі