Біртұтас тәрбие бағдарламасы: зерттеулер мен іске асыру тетіктері

Авторлар

  • Анар Тәңірбергенова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-143-156

Түйінді сөздер:

ұлттық мүдде, ар-ұят, талап, ұлттық құндылық, біртұтас тәрбие бағдарламасы

Аннотация

Мақалада қазіргі заманғы білім беру мәселелері мен оларды ұлттық құндылықтарды құру және қолдау арқылы шешу жолдары туралы зерттеу ұсынылған. 2020-2023 жылдар аралығында білім беру мекемелерінде жаңа ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі құндылықтарды анықтау мақсатында авторлық сауалнамаларға негізделген 33 297 респонденттің қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізілді. Респонденттер ретінде басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері анықталды. Деректерді талдау үш негізгі құндылықты анықтады: ұлттық мүдде, ар-ұят және талап. Осы құндылықтардың негізінде білім беру мекемелерінде қолдануға арналған біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленді.  Бұл бағдарламаның мақсаты – ұлттық мүдделер мен құндылықтарға жоғары басымдық беретін, өз Отанын құрметтейтін және Қазақстанда әділ қоғамның дамуына ықпал ететін тұлғаларды қалыптастыру. Сондай-ақ, мақалада ұлттық құндылықтарды оқу процесіне интеграциялауға және білім алушыларда терең білім беруді, көрегендікті, еңбекқорлықты, адалдық пен ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің әртүрлі әдістері қамтылған. Мақалада білім беру ұйымдарында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру тетіктері бірілген. Бұл зерттеу жас ұрпақ арасында ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу және қалыптастыру мәселелерімен айналысатын білім беру саласындағы мамандар, ғалымдар мен педагогтер үшін пайдалы болады болмақ.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-30

Қалай келтіруге болады

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие және тұлғаны дамыту