Цифрлық этикеттің қалыптасуы: білім беру саласындағы зерттеулердің тенденциялары
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-3-10-22Түйінді сөздер:
цифрлық этикет, киберқауіпсіздік, цифрлық азаматтық, этикалық нормалар, цифрлық кеңістікАннотация
Бұл мақалада постиндустриалды қоғамдағы цифрлық этика, цифрлық білім беру және этикалық нормалардың сақталуы мәселелері мен цифрлық қоғамның ерекшеліктері, ақпарат пен білімнің негізгі құндылықтары контекстінде дәстүрлі моральдық нормалардың трансформациясы талданады. Бұл мақалада шетелдік, ресейлік және қазақстандық ғалымдардың цифрлық этикетке қатысты зерттеулері жан-жақты талданады. Зерттеушілердің негізгі идеялары, тұжырымдары мен ұсынымдары қарастырылады. Авторлар Қазақстандағы цифрлық этикет мәселесінің өзектілігін атап, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің әлі де жеткіліксіз екенін көрсетеді. Мақалада цифрлық этикетке арналған арнайы курстар мен оқу модульдерін әзірлеу, сондай-ақ онлайн қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге бағытталған ғылыми жобаларды қолдау арқылы педагогикалық әдістемелерді жетілдіру ұсынылады. Авторлар цифрлық қоғам талаптарына сәйкес тиімді білім беру жүйесін құру үшін Қазақстандағы цифрлық этикет мәселелерін терең зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу әдістері ретінде теориялық және нормативтік дереккөздерді талдау, материалды жүйелеу және жалпылау қолданылған. Мақала цифрлық білім беру платформалары мен ғылыми журналдар және халықаралық зерттеу базаларының мәліметтері негізінде жазылған және цифрлық этикеттің маңыздылығын тереңірек түсінуге бағытталған.
Жүктеулер
Жарияланды
Нұсқалар
- 2025-09-30 (3)
- 2025-10-09 (2)
- 2025-10-09 (1)
ҚАЗ
РУС
ENG