Физика пәнінен олимпиада тапсырмаларын орындау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру

Авторлар

  • Данияр Ыбырай «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-109-116

Түйінді сөздер:

олимпиада тапсырмалары, теориялық тапсырма, тәжірибелік тапсырма, физика олимпиадасы

Аннотация

Мақалада физика пәнінен олимпиада тапсырмаларын оқушылардың оқу үрдісінде қолдану мәселелері қарастырылған. Оқушылардың физика пәні бойынша қол жеткізген оқу нәтижелері олардың оқудағы жетістіктерінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Автор ғылым мен техника саласында білікті мамандардың қажеттілігі арта беретіндігін атап өткен. Осыған байланысты физика олимпиадарының рөлі де ерекше сатыға көтерілетінін көруге болады. Автор олимпиададағы есептерді шешу оқушылардың физикадан алған білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ сыни ойлау мен талдау дағдыларын дамытуға көмектесетінін атап көрсетеді. Бұл мақалада физика пәнінен олимпиада тапсырмаларының оқушылардың оқу нәтижелеріне жетуіндегі рөлі талқыланады. Мақалада физика пәні олимпиадасындағы теориялық және тәжірибелік кезеңіндегі тапсырмалар - білім нәтижелерін дамытушы құрал ретінде қарастырылды. Мақалада физика олимпиадасындағы теориялық және тәжірибелік кезеңіндегі тапсырмалардың айырмашылығын көруге болады. Бұл мақала физика пәні бойынша жарыстардың осы саладағы оқушылардың білім нәтижелерін қалай жақсарта алатынын зерттейтін мұғалімдер мен оқушыларға пайдалы болады. Қорытындылай келе, мақалада оқушылардың физика пәні бойынша олимпиадаларға қатысуы білім сапасын айтарлықтай жақсартуға, ғылыми дағдылар мен ынталарды дамытуға және болашақ физика мамандарын табысты мансапқа дайындауға көмектесетіні атап өтілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-30

Қалай келтіруге болады

Ыбырай , Д. (2023). Физика пәнінен олимпиада тапсырмаларын орындау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 106(3), 109–116. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-109-116

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі