Оқу материалдарын визуализациялау: психологиялық және дидактикалық талаптар

Авторлар

  • Толкын Айтказина Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы
  • Саят Омаров Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы
  • Тулеген Сматаев Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-11-22

Түйінді сөздер:

оқу материалдарын визуализациялау, оқулық, талаптар, мәтіннен тыс компонент, иллюстрация

Аннотация

Мақалада оқу материалдарын визуализациялауға қойылатын талаптар, жаңа материалды оқыту кезінде оқулықта иллюстрациялық материалдарды қолданудың, визуалды элементтерді педагогикалық тұрғыдан дұрыс таңдаудың және мәтін мен мәтіннен тыс компоненттер арасындағы теңгерімділікті сақтаудың маңызы туралы айтылған. Мәтіндік және иллюстрациялық материалдардың үйлесімділігін дизайн қағидаттары негізінде (теңгерім, иерархия, кеңістік, масштаб және үйлесім, түс қанықтығы және безендірудің бірыңғай стилі) қамтамасыз ету маңызды. Мақаланың мақсаты – авторларға оқулықтарда оқу материалдарын, оның ішінде иллюстрацияларды қолдану кезінде ескерілуі тиіс жайттар бойынша әдістемелік көмек беру. Зерттеу барысында биология, тарих, география пәндері бойынша отандық және шетелдік оқулықтарға талдау жүргізіліп, оларда аталған талаптардың қаншалықты сақталғаны жайлы сөз қозғалды. Талдау барысында шетелдік оқулықтармен салыстырғанда отандық оқулықтарда дизайн қағидаттарының, мәтін мен иллюстрация  арасындағы теңгерімнің сақталмауы,  иллюстрацияның мақсатсыз қолданылуы, т.б. кемшіліктер анықталды. Визуализация ұғымының мәнін ашу бойынша отандық ғылыми басылымдарға, Scopus және Web of Science ғылыми өлшемдік базаларындағы әдебиеттерге шолу жасалып, мәтіннен тыс аппаратқа қойылатын психологиялық және дидактикалық талаптар анықталды. Зерттеу жұмысында ұсынылған бұл ұсыныстар оқулық авторлары мен иллюстраторларға мектеп оқулықтарын әзірлеуде көмегін тигізер деген үміттеміз.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-10

Қалай келтіруге болады

Айтказина, Т., Омаров, С., & Сматаев , Т. (2023). Оқу материалдарын визуализациялау: психологиялық және дидактикалық талаптар. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 106(3), 11–22. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-11-22

Шығарылым

Бөлім

Білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру