Білім теңсіздігі және мектепті дамыту саясаты: библиометриялық талдау (2014-2024)

Авторлар

  • Қуандық Тайболатов Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Ербол Сармурзин академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Айнаш Кудышева Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Арай Аманова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-21-33

Түйінді сөздер:

мектепті дамыту, білім теңсіздігі, библиометриялық талдау, білім беру көшбасшылығы, мақсатты мектептер

Аннотация

Бұл мақалада 2014–2024 жылдар аралығында мектепті дамыту және білім теңсіздігін азайту мәселелері бойынша жүргізілген халықаралық зерттеулерге библиометриялық талдау ұсынылады. Зерттеу Scopus дерекқорының 2017 ғылыми жарияланымына сүйене отырып, VOSviewer бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Негізгі назар жарияланым белсенділігіне, жетекші журналдар мен авторларға, зерттеу желілеріне және жиі кездесетін тақырыптық бағыттарға аударылды. Нәтижелер бұл салада әсіресе 2020 жылдан кейін айтарлықтай ғылыми серпіліс байқалғанын көрсетті. Білім беру көшбасшылығы, мұғалімдердің кәсіби дамуы, әлеуметтік әділеттілік пен мектеп ішіндегі қолайлы орта тақырыптары басым болды. АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Аустралия елдері ғылыми өнімділік бойынша көш бастап тұр. Сонымен қатар мақалада «мақсатты мектептер» жобасы аясында Қазақстанда халықаралық тәжірибелерді бейімдеу жолдары қарастырылып, білім беру саясатына ғылыми негізделген, деректерге сүйенетін тәсілдер енгізудің маңыздылығы көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Қалай келтіруге болады

Тайболатов, Қ., Сармурзин, Е., Кудышева, А., & Аманова, А. (2025). Білім теңсіздігі және мектепті дамыту саясаты: библиометриялық талдау (2014-2024). Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 113(2), 21–34. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-21-33

Шығарылым

Бөлім

Білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру