Қазақстан Республикасындағы мұғалімдердің педагогикалық аттестацияға қатынасын зерттеу мәселесі туралы

Авторлар

  • Гүлнар Әбішева Білім беру сарапшылары қазақ лигасы
  • Арстан Сатанов "Дарын" РҒПО
  • Гүлнар Хасанова Жоғары педагогикалық колледж, Щучинск қаласы
  • Күнсұлу Исентаева "Өрлеу" Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы" АҚ Астана қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-23-41

Түйінді сөздер:

педагогикалық аттестаттау, педагогты бағалау, педагогтердің онлайн-сауалнамасы, аттестаттау ережелері

Аннотация

Мақаланың мақсаты: педагогикалық аттестаттаудың ағымдағы процесіне қатысты Қазақстан Республикасының педагогтері арасында көзқарастары мен тәжірибесін зерделеу үшін онлайн-сауалнама жүргізу және алынған деректер негізінде осы процесті жетілдіру жөнінде негізделген ұсыныстар әзірлеу. Осы тақырып бойынша әдебиеттерге шолу мұғалімдерді тиімді бағалау табысты білім беру жүйелерінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатындығын көрсетті. Зерттеу мұғалімдердің кәсіби өсуі мен мектепті жетілдіру үшін дайындық бағдарламаларынан бастап бағалаудың маңыздылығын көрсетеді. Бағалаудың негізгі мақсаттары қалыптастырушы және жиынтық ретінде анықталады, бағалаудың барабар моделі мұғалімдердің сапасын әділ бағалауға ықпал етеді. Осылайша, педагогикалық аттестаттау тетіктерін қайта қарау кезінде оған кешенді және жүйелі түрде қарау қажет, осы реформаға барлық мүдделі тараптар тартылуы тиіс, сондай-ақ педагогтың кәсібилігін бағалау процесі жоғары оқу орнында немесе колледжде маман даярлау уақытынан бастап, жұмысқа қабылдау кезінде, мектеп ішінде, мектеп жүйесінен тыс, білім беру жүйесінің түрлі сатыларында құрылуы тиіс. Сол арқылы елімізде білім беру жүйесін жетілдірудің және оның тиімді жұмыс істеуінің негізгі факторы мұғалімдердің кәсібилігін тиімді бағалау арқылы жүзеге асады. Онлайн-сауалнама нәтижесінде респонденттер талаптардың тұрақтылығын, ресурстардың қолжетімділігін, бағалаудың объективтілігін және жұмыс ерекшеліктерін есепке алуды қоса алғанда, педагогтерді аттестаттауды жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Олар аттестаттау процесін жеңілдету, талаптарды саралау және ақпараттық қолдауды жақсарту бойынша ұсыныстар жасады. Деректерді жүйелі талдау және сарапшылармен кеңесу педагогикалық аттестаттауды ғылыми талдау және оны жақсарту үшін ұсыныстар жасау үшін қажет деп қорытынды жасалынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-30

Қалай келтіруге болады

Әбішева, Г., Сатанов, А., Хасанова, Г., & Исентаева, К. (2023). Қазақстан Республикасындағы мұғалімдердің педагогикалық аттестацияға қатынасын зерттеу мәселесі туралы. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 106(3), 23–41. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-23-41

Шығарылым

Бөлім

Білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру