Бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын зерттеу: ақпаратты қабылдау, цифрлық қауіпсіздік және медиамен жұмыс

Авторлар

  • Айзат Аралбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Адлет Кариев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Гулсим Абдрасилова М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-49-57

Түйінді сөздер:

медиасауаттылық, ақпаратты сыни қабылдау, цифрлық қауіпсіздік, бастауыш сынып, медиа мазмұн, диагностика

Аннотация

Мақалада жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушыларының медиасауаттылық деңгейін эмпирикалық зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеудің мақсаты бастауыш сынып оқушыларында медиасауаттылықтың қалыптасу деңгейін диагностикалау және оның негізгі компоненттері арасындағы байланысты анықтау. Зерттеуге 8-9 жас аралығындағы 115 оқушы қатысты. Диагностика үшін үш компонент бойынша топтастырылған 15 мәлімдемеден тұратын авторлық сауалнама қолданылды. Диагностикалық құралдың сенімділігі Кронбах коэффициентімен расталады (α = 0.805). Статистикалық өңдеуге сипаттамалық көрсеткіштер, Стьюденттің t критерийі және Пирсонның корреляциялық талдауы кірді. Нәтижелер көрсеткендей, оқушылардың көпшілігі медиасауаттылықтың жоғары деңгейіне ие (89 %), әсіресе цифрлық қауіпсіздік және медиа компоненттері бойынша басымдық көрсетті. Сонымен бірге ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау деңгейі салыстырмалы түрде төмен екендігі анықталды. Барлық компоненттер арасындағы оң корреляциялар анықталды, бұл олардың өзара байланысын растайды. Нәтижелер медиасауаттылықты ерте диагностикалаудың маңыздылығын және бастауыш сынып оқушыларында сыни ойлауды қалыптастыруды педагогикалық қолдау қажеттілігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Қалай келтіруге болады

Аралбаева , А., Кариев , А., & Абдрасилова , Г. (2025). Бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын зерттеу: ақпаратты қабылдау, цифрлық қауіпсіздік және медиамен жұмыс. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 113(2), 49–57. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-49-57

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі