ҚР білім беру ұйымдарында инклюзивті практика жағдайында педагогтердің рефлексивті құзыреттері: зерттеу нәтижелері және дамыту жолдары
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-3-182-191Түйінді сөздер:
ерекше білім беруді қажет ететін балалар, инклюзивті білім беру, инклюзивті практика, ррефлексивті құзыреттерАннотация
Қазіргі таңда педагогтердің рефлексивті құзыреттерін дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Педагогтің аталған дағдыларға ие болуы күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға, жұмыстың қол жеткізілген мақсаттарын дұрыс ұғынуға, педагогтің өз даму траекториясын анықтап, оған түзетулер енгізуге, кәсіби және тұлғалық кемелденуіне ықпал етеді. Бұл өз алдына білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін жайлы қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндайда педагогтердің рефлексивті дағдыларын барлық балалардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескеру тұрғысынан қарастыру өзекті. Берілген мақалада
авторлар ұжымымен педагогтердің инклюзивті ортада жұмыс істеуге дайындығын зерделеуге бағытталған зерттеу нәтижелері және сәйкесінше педагогтерге рефлексивті құзыреттерді дамыту жолдары ұсынылған. Атап айтсақ, мақалада педагогтерге инклюзивті ортада рефлексивті құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар ретінде шетелдік ғалымдармен әзірленген инклюзивті жағдайда рефлексивті оқытудың бес ерекшелігі, инклюзивті білім берудегі кәсіби шеберліктің үш негізгі элементі, рефлексия циклінің негізгі кезеңдері жөнінде қысқаша ақпарат берілген. Аталған ұсынымдар педагогтердің оқу процесін барлық балалардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып құруына оң ықпал ететінін атап өткен жөн.