Ата-аналардың цифрлық сауаттылығының балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегияларына ықпалы

Авторлар

  • Алмагуль Асаинова Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0003-0909-9767
  • Жанбол Жилбаев Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0003-1868-1142
  • Кымбатша Мухамедиева Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
  • Дария Абыкенова Павлодарский педагогический университет им. Ә. Марғұлан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-104-116

Түйінді сөздер:

цифрлық сауаттылық, киберқауіпсіздік, балалардың интернеттегі қауіпсіздігі, цифрлық орта, ата-аналық бақылау

Аннотация

Бұл зерттеу ата-аналардың цифрлық сауаттылық деңгейінің олардың балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданатын стратегияларына ықпалын зерделеуге арналған. Цифрлық кеңістік қарқынды дамып келе жатқан қазіргі заманда балаларды киберқауіптерден қорғауда ата-аналық бақылау маңызды құралға айналуда. Зерттеудің мақсаты – ата-аналардың цифрлық сауаттылық деңгейіне байланысты олардың бақылау тәсілдеріндегі айырмашылықтарды анықтау.Зерттеу барысында онлайн-сауалнама әдісі арқылы сандық көлденең зерттеу жүргізілді. Оған 273 ата-ана қатысты. Сауалнамада әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар, ата-аналық бақылау стратегиялары (шектеуші, мінез-құлықтық, психологиялық, қолдаушы) және цифрлық сауаттылық деңгейіне қатысты сұрақтар қамтылды. Мәліметтерді талдау үшін сипаттамалық статистика және Пирсон корреляциялық талдау әдістері қолданылды.Зерттеу нәтижелері ата-аналық бақылау тәсілдері цифрлық сауаттылық деңгейіне тікелей байланысты екенін көрсетті. Жоғары цифрлық сауаттылығы бар ата-аналар техникалық бақылау құралдарын, қауіпсіздік ережелерін үйретуді және технологияларды меңгеруде қолдау көрсетуді қоса алғанда, белсенді әрі кешенді стратегияларды жиі қолданады. Олар техникалық құралдар арқылы шектеуші бақылауды сенімді түрде жүзеге асырып, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге көбірек мән береді. Ал цифрлық сауаттылығы төмен ата-аналар көбіне жазалау мен қорқыту тәсілдерін қолдануға бейім. Интернеттегі әрекеттерді бірлесе талқылауды және тәлімгерлікке негізделген қолдаушы бақылауды сирек пайдаланады.Ата-аналардың цифрлық сауаттылығы тиімді ата-аналық бақылау стратегияларын таңдауда шешуші фактор болып табылады. Осы деректер ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын енгізудің маңыздылығын көрсетеді. Балалар үшін қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру – цифрлық сауаттылықты арттыру мен түрлі бақылау стратегияларын үйлестіріп қолдануды талап ететін кешенді үдеріс.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Қалай келтіруге болады

Асаинова, А., Жилбаев, Ж., Мухамедиева , К., & Абыкенова, Д. (2025). Ата-аналардың цифрлық сауаттылығының балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегияларына ықпалы. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 113(2), 104–116. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-104-116

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие және тұлғаны дамыту