Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауда жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеудің ерекшеліктері

Авторлар

  • Сауле Булабаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Барысгүл Кеңес Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академияcы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-180-191

Түйінді сөздер:

ерекше білім беру қажеттіліктері, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын бейімдеу, оқу жетістіктерін бағалау, жетістіктер картасы, инклюзивті білім беру

Аннотация

Мақалада мұғалімдердің ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс жасау барысында білім беру бағдарламасын бейімдеудің ерекшеліктері мен қиындықтарын анықтау үшін зерттеу жүргізілді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін  Қазақстанның барлық аймағындағы, оның ішінде ауылдық және қалалық мектептердің мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға жалпы орта мектепте жұмыс жасайтын 16355 мұғалім қатысты. Зерттеу онлайн түрде Google Forms  платформасы арқылы жүргізілді. Зерттеуге қатысушылардың ішінде ең көп қатысқан аймақ – Түркістан облысы (2086 респондент). Зерттеу жұмысы аясында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс жасауда ең жоғары дайындық деңгейі (63,4%) еңбек өтілі 1 жылға жетпеген жас мұғалімдер арасында екені байқалды.  Оқу бағдарламасын бейімдеу үшін қажет қолдаудың ішінде  32 % мұғалім білікті арттыру курстары қажет деген жауапқа басымдық береді. Мақаланың талқылау және нәтижелер бөлімінде зерттеу барысында анықталған нәтижелер Қазақстанда жүргізілген өзге де зерттеу қорытындыларымен салыстырылды. Зерттеуді қорытындылай келе, білім беру бағдарламаларын бейімдеуде мұғалімдердің кезігетін мынадай кедергілері анықталды: балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуда қиындықтарға тап болу, оқу мақсаттарын ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктеріне сай бейімдеуде қиындықтарды сезіну, оқушыларды диагностикалау, оқу жетістіктерін бағалау. 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Қалай келтіруге болады

Булабаева, С., & Кеңес, Б. (2025). Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауда жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеудің ерекшеліктері. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 113(2), 180–191. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-180-191

Шығарылым

Бөлім

Арнайы және инклюзивті білім беру