Орта білім беретін мектептің 8–9-сынып білім алушыларының эмпатиясын дамыту бағдарламасының тиімділігі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-142-151Түйінді сөздер:
эмпатия, жасөспірімдер, мектептегі білім, дамыту бағдарламасы, эмоционалдық құзыреттілікАннотация
Осы зерттеудің мақсаты – жалпы орта білім беретін мектеп білім алушыларының эмпатиясын дамытуға бағытталған авторлық бағдарламаның тиімділігін бағалау болды. Квазиэксперименттік зерттеуге 8–9-сыныптың 200 білім алушысы қатысып, олар эксперименттік және бақылау топтарына бөлінді. Зерттеудің қалыптастырушы кезеңінде әзірлеген эмпатияны дамыту бағдарламасы іске асырылды. Эмпатия деңгейі А. Меграбян мен Н. Эпштейннің эмпатия шкаласы арқылы бағдарламаға дейін және кейін өлшенді. Нәтижелер эксперименттік топтағы білім алушылардың эмпатия деңгейі айтарлықтай артқанын көрсетті, ал бақылау тобында маңызды өзгерістер байқалмады. Пирсонның χ² критерийін қолдану арқылы жүргізілген статистикалық талдау эксперименттік топта тестілеуге дейінгі және кейінгі көрсеткіштер арасында елеулі айырмашылық бар екенін растады (χ² = 11,7, p = 0,019). Эксперимент нәтижелері эмпатияны дамыту және жасөспірімдердің әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттіліктерін нығайту мақсатындағы мақсатты педагогикалық ықпалдардың тиімділігін айғақтайды.
ҚАЗ
РУС
ENG