Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырудағы этнохимиялық тәсілдердің маңыздылығы

Авторлар

  • Гулжазира Абдихайымова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Анипа Тапалова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Балабек Сақтағанов Қазақ ұлттық хореография академиясы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-34-48

Түйінді сөздер:

этнохимия, химияны оқыту, оқушы, оқушылардың қызығушылығы, эксперименттік оқыту

Аннотация

Мақалада мектепте химия пәнін оқытуда этнохимиялық тәсілдерді пайдаланудың маңыздылығы және олардың оқушылардың пәнге қызығушылығы мен үлгеріміне әсері қаралады. Этнохимия - химиялық білімді ұлттық және мәдени контекстпен байланыстыратын ғылым саласы. Мұндай тәсіл оқушыларға химиялық құбылыстарды күнделікті өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді және олардың ғылыми ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Зерттеу Қызылорда облысының жоғары сынып оқушылары арасында квази-эксперименталды әдіспен жүргізілді. Этнохимиялық эксперименттердің көмегімен оқушылар өздерінің теориялық білімдерін практикалық мысалдармен біріктіріп, химияны өмірде қолдануды терең түсінді. Мысалы, күрішті өңдеу процесінде ферменттеу әдістері, Арал теңізінен тұзды суды булау жолымен кристалдану процестері, мұнайды фракциялық айдау әдістері және бейорганикалық тұздардың ерігіштігін зерттеу сияқты дәстүрлі әдістер пайдаланылды. Нәтижелер көрсеткендей, этнохимиялық тәсілдерді пайдалану оқушыларға пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ғылыми зерттеулерге деген ынтасын да арттырды. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми ойлау дағдыларын жетілдіруге және олардың ұлттық мәдени мұраны құрметтеуін нығайтуға ықпал етті. Білім беру процесіне этнохимияны енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесінде инновациялық құрал болып танылды және оқушылардың химия пәніне қатынасын оңтайландырудың тиімді тәсілі болып саналады.

Зерттеу Қызылорда облысының жоғары сынып оқушылары арасында квази-эксперименталды әдіспен жүргізілді. Этнохимиялық эксперименттердің көмегімен оқушылар өздерінің теориялық білімдерін практикалық мысалдармен біріктіріп, химияны өмірде қолдануды терең түсінді. Мысалы, күрішті өңдеу процесінде ферменттеу әдістері, Арал теңізінен тұзды суды булау жолымен кристалдану процестері, мұнайды фракциялық айдау әдістері және бейорганикалық тұздардың ерігіштігін зерттеу сияқты дәстүрлі әдістер пайдаланылды.

Нәтижелер көрсеткендей, этнохимиялық тәсілдерді пайдалану оқушыларға пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ғылыми зерттеулерге деген ынтасын да арттырды. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми ойлау дағдыларын жетілдіруге және олардың ұлттық мәдени мұраны құрметтеуін нығайтуға ықпал етті.

Білім беру процесіне этнохимияны енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесінде инновациялық құрал болып танылды және оқушылардың химия пәніне қатынасын оңтайландырудың тиімді тәсілі болып саналады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Қалай келтіруге болады

Абдихайымова, Г., Тапалова , А., & Сақтағанов, Б. (2025). Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырудағы этнохимиялық тәсілдердің маңыздылығы. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 113(2), 34–48. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-34-48

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі