Бастауыш сынып оқушылары арасында позитивті қарым-қатынасты қалыптастыруда «Blended learning» технологиясы

Авторлар

  • Гаухар Ахметова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Лаура Бутабаева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Акерке Умирбекова Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Алибек Шокпаров Халықаралық туризм және меймандостық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-164-179

Түйінді сөздер:

«Blended learning» технологиясы, бастауыш сынып оқушысы, позитивті қарым-қатынас, ерекше білім беруді қажет ететін балалар, қолжетімді орта

Аннотация

Берілген ғылыми зерттеуде бастауыш сынып оқушыларының арасында позитивті қарым-қатынас қалыптастыруда «Blended learning» технологиясының мүмкіндіктерін инклюзивті білім беру жағдайына қатысты қарастырылған. Зерттеу кезінде біз «Blended learning» ұғымына жан-жақты анықтама беріп, технология ретіндегі тиімді моделдерінің (аралас модель, икемді модель, қосымша модель, онлайн-тәжірибе моделі, «Blended learning» таксаномиясы) теориялық және қолданбалы негіздері қарастырылды. Бастауыш мектеп деңгейінде қолайлы және қолжетімді орта құру кезіндегі «Blended learning» технологиясының негізгі ұстанымдарының әсері мен негізгі білім орта шарты ретіндегі мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеу барысында бастауыш сынып оқушылары арасындағы позитивті қарым-қатынас ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар аспектісінде қарастырылды. Оның негізінде зерттеу келесі бағытты қамтыды, қажетті шарттар мен талаптарды ұстану қажеттілігі болды, ол балалардың психологиялық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес орын алды.   Бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында білім беру ортасында ерекше білім қажеттілігі бар балаларға қатынасы (ерекше білім қажеттілігі бар балаларға сезімдерін, қарым-қатынас тәжірибесін,  қарым-қатынас қиындықтарын,  түсіну мен қабылдау ерекшеліктерін, жағдайы) зерттелінді. Зерттеу бастауыш сынып оқушылары арасында арнайы сурет салу әдістемелері арқылы, ал бастауыш сынып мұғалімдері арасында сауалнама google форма көмегімен жүргізілді. Зерттеуге 108 бастауыш сынып мұғалімі мен 17 бастауыш сынып оқушысы қатысты. Зерттеу нәтижелері сандық және сапалық негізде талданып, зерттеу нәтижелері бойынша нақты тұжырымдар ұсынылды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Қалай келтіруге болады

Ахметова, Г., Бутабаева , Л., Умирбекова, А., & Шокпаров, А. (2025). Бастауыш сынып оқушылары арасында позитивті қарым-қатынасты қалыптастыруда «Blended learning» технологиясы. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 113(2), 164–179. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-164-179

Шығарылым

Бөлім

Арнайы және инклюзивті білім беру