Орта мектепте информатика пәнін оқытуда виртуалды шынайылық пен жасанды интеллект ресурстарын қолдану жағдайы

Авторлар

  • Айгүл Садвакасова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Алия Кыдырбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Четин Оғыз Niğde Ömer Halisdemir университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-93-103

Түйінді сөздер:

орта білім, білім беру ресурстары, білім саласында цифрлық технологиялар, виртуалды шынайылық, жасанды интеллект

Аннотация

Білім беруде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану білім сапасын дамытуға ықпал ететіні дәйектелген. Қазіргі таңда дамып келе жатқан виртуалды шынайылық және жасанды интеллект технологиялары білім саласын айтарлықтай өзгеріске ұшыратуда. Бұл мақалада Қазақстандық педагогтердің орта білім беру ұйымдарында виртуалды шынайылық пен жасанды интеллект ресурстарын қолдану тәжірибесі  қарастырылды. Зерттеу аталған заманауи технологияларды информатика пәні педагогтерінің қолдану жағдайын зерделеу мақсатында жүргізілді. Осы мақсатқа жету үшін авторлар әлеуметтік сауалнама әдісін қолданды. Сауалнамаға Алматы, Астана, Шымкент қалаларының информатика пәні педагогтері қатысты. Зерттеу нәтижелері виртуалды шынайылық пен жасанды интеллект ресурстарын орта білімде қолдануды кеңейту үшін педагогтердің біліктілігін арттырудың өзектілігін және ресурстармен қамтамасыз етуді қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Жалпы, алынған нәтижелер білім саласындағы зерттеушілер мен уәкілетті органдар үшін маңызды ақпарат ұсынады. 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Қалай келтіруге болады

Садвакасова , А., Кыдырбекова , А., & Оғыз , Ч. (2025). Орта мектепте информатика пәнін оқытуда виртуалды шынайылық пен жасанды интеллект ресурстарын қолдану жағдайы. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 113(2), 93–103. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-93-103

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі