Білім алушылардың мамандық таңдаудағы аутентикалық мақсат және құралдық мотивтерін зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-2-117-127Түйінді сөздер:
мотивация, мамандық таңдау, білім алушы, аутентикалық мақсат, құралдық мотив, білім алушыларАннотация
Бұл мақалада білім алушылардың мамандық таңдаудағы аутентикалық және құралдық мотивтері кәсіби құндылықтар жүйесі аясында қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кәсіби бағдарлану процесінде білім алушылардың шынайы (аутентикалық) мақсаттарды құралдық мотивтермен шатастыруының алдын алу. Зерттеуге Астана қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқитын 92 білім алушы қатысты. Зерттеу барысында кәсіби құндылықтардың 9 шкаласы қолданылды: әлеуметтік, моральдық, эстетикалық, танымдық, шығармашылық, еңбек мазмұнына байланысты, материалдық, беделді және утилитарлық. Деректер сипаттамалық статистика, Спирменнің корреляциялық талдауы және факторлық талдау әдістерімен өңделді. Нәтижелер көрсеткендей, танымдық және утилитарлық құндылықтар ең жоғары бағаланған, ал факторлық құрылымда моральдық, әлеуметтік және шығармашылық құндылықтар материалдық және беделді мотивтермен бір компонентке бірікті. Бұл білім алушылардың мотивациялық құрылымында аутентикалық және құралдық бағдарлардың өзара қабаттасып көрініс табатынын көрсетті. Сонымен қатар еңбек мазмұнына байланысты шкала жоғары уникалдылыққа ие болып, басқа компоненттермен әлсіз байланыс көрсетті. Зерттеу нәтижелері кәсіби бағдар беру барысында білім алушылардың тұлғалық мағынаға негізделген мақсаттарын қолдай отырып, утилитарлық әсерлерді сын тұрғысынан бағалауға бағытталған тәсілдерді қолдану қажеттігін айқындайды.
ҚАЗ
РУС
ENG