Интеллектуалды оқыту жүйесін жобалау принциптері: педагогикалық перспектива

Авторлар

  • Жандос Зулпыхар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Аппақ Есіркеп Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Маржан Галимжанова Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы
  • Сымбат Нургалиева Astana IT University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-31-41

Түйінді сөздер:

интеллектуалды оқыту жүйесі, архитектуралық моделі, жобалау, педагогикалық принциптер, жасанды интеллект

Аннотация

Мақалада педагогикалық тұрғыдан тиімді интеллектуалды оқыту жүйелерін жобалауға қажетті принциптер мен архитектуралық негіздерге талдау жасалынған. Зерттеудің өзектілігі дәстүрлі оқыту әдістерінен цифрлық және интеллектуалды оқыту платформаларына құру қажеттілігімен негізделеді және педагогикалық принциптерді біріктірудің маңыздылығын атап көрсетеді.  Зерттеу мақсаты – интеллектуалды оқыту жүйесін жобалауда педагогикалық негізделген архитектуралық модельді әзірлеу және оның негізгі құрамдас бөліктерін сипаттау. Әрбір қабат жүйенің әрі технологиялық, әрі педагогикалық тұрғыдан дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін жасалған. Зерттеу жұмысы конструктивистік, бихевиористік және когнитивистік теорияларға сүйене отырып, құрылымдық талдау және коммуникациялық әдістер арқылы жүзеге асырылды. Информатика мұғалімдерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласы интеллектуалды жүйелердің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге қолайлы орта ретінде таңдалды. Зерттеу нәтижесінде пайдаланушы интерфейсі қабаты, қолданбалы қабат, интеллектуалды қабат, деректер қабаты, интеграциялық қабат және инфрақұрылымдық қабаттардан тұратын интеллектуалды оқыту жүйесінің архитектуралық моделі ұсынылды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Қалай келтіруге болады

Зулпыхар, Ж., Есіркеп, А., Галимжанова, М., & Нургалиева , С. (2025). Интеллектуалды оқыту жүйесін жобалау принциптері: педагогикалық перспектива . Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 112(1), 31–41. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-31-41

Шығарылым

Бөлім

Білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру