Экзистенция коммуникациясы ішкі қарама-қайшылықтарды шешу тәсілі ретінде
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-2-108-118Түйінді сөздер:
қарым-қатынас, ішкі қарама-қайшылық, экзистенция коммуникациясы, жеткіншек, агрессия, буллинг, мазасыздық, депрессияАннотация
Мақалада экзистенция коммуникациясы негізінде ішкі қарама-қайшылықтарды шешу тәсілі көтеріледі. Бүгінде жеткіншек жастағы оқушылардың арасында агрессия, невроз, өз-өзіне қол жұмсау, құмар ойындарға әуестіктің артуы, отбасынан алшақтау сияқты фактілердің жиі кездесетіндігіне тоқталады. Авторлар оқушыларда кездесетін агрессия, мазасыздық, депрессия, буллингтің туындауын ішкі қарама-қайлықтардың салдары деп қарастырады. Және оны осы бағытта зерттеулер жүргізіп жүрген заманауи ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп дәлелдейді. Сонымен қатар экзистенция коммуникациясы негізінде құрылған арнайы тренингтерді ішкі қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында пайдаланып, жеткіншектердің мазасыздық деңгейін төмендету және эмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіру бағытында жұмыстар жүргізген. Кейбір қатысушыларға өздері орындаған тренингтер мен көрген бейнефильмдер қолдау ресурстары ретінде өзіне деген сенімділік сезімін бекітіп, стресс факторларына психологиялық тұрақтылығын арттырғандығы баяндалады.
ҚАЗ
РУС
ENG