Қалалар географиясын оқытуда ChatGPT-ді қолданудың артықшылықтары мен мәселелерін объективті бағалау

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-98-111

Түйінді сөздер:

жасанды интеллект, ChatGPT, цифрлік білім беру, қалалар географиясын оқыту, сыни тұрғыдан ойлау

Аннотация

ChatGPT – ақпаратты жылдам жеткізе алатын және әртүрлі педагогикалық тәсілдерді қолдайтын құрал. Зерттеудің мақсаты география мұғалімдерінің пікірлерін ескере отырып, қалалар географиясын оқытуда ChatGPT қолдану мүмкіндіктері мен шектеулерін талдау. Негізгі зерттеу сұрақтары келесілерді қамтыды: ChatGPT-ті оқу үдерісіне енгізудің артықшылықтары мен қиындықтары; оны қолданудың оқушылардың академиялық адалдығына, сыни ойлауына және тәуелсіздігіне әсері, т.б. Зерттеу мақсатына жету үшін Қазақстанның бірнеше қалалары мен облыстарынан 306 география пәнінің мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді және Ақтөбе облысындағы орта мектептердің 20 оқытушысына фокус-топ әдісі негізінде сұқбаттар алынды. Зерттеу нәтижелері ChatGPT ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдететінін, білім беру кеңестерін қолдайтынын, тапсырмаларды жоспарлауға және жеке оқытуға көмектесетінін көрсетті. Дегенмен, академиялық тұтастыққа әсері, білім алушылардың дербестігінің төмендеуі, оқу материалдарын талдаудың жеткіліксіз тереңдігі, ескірген және дұрыс емес мәліметтерді беру қаупі сияқты айтарлықтай шектеулер де анықталды. Бұл құралды шамадан тыс пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін әлсіретіп, аналитикалық тапсырмалардың құндылығын төмендетіп, автоматтандырылған шешімдерге тәуелділікті тудыруы мүмкін. Қорытындыда қалалар географиясын оқытуда ChatGPT-ті тиімді пайдалану үшін цифрлық технологияларды дәстүрлі оқыту әдістерімен үйлестіру қажет екендігі баса айтылады. Оқушылар мен мұғалімдер арасында цифрлық сауаттылықты дамыту, ақпаратты сыни талдауға үйрету, жасанды интеллектті (ЖИ) оқу үдерісіне енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу үлкен маңызға ие.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Қалай келтіруге болады

Нурбаева, М., Сергеева, А., Нургазина, А., & Шумакова, Г. (2025). Қалалар географиясын оқытуда ChatGPT-ді қолданудың артықшылықтары мен мәселелерін объективті бағалау. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 112(1), 98–111. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-98-111

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі