РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
Баспагер: ҚР ОМ «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК.
Басылым ISSN халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығында тіркелген (ЮНЕСКО, Париж, Франция)
Журналдың редакциялық саясаты
«Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы университеттердің қазақстандық және шетелдік профессор-оқытушылар құрамына, докторанттарға, магистранттарға, студенттерге, барлық педагогикалық білім беру деңгейлерінің педагогтеріне арналған.
Журналдың мақсаты – қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғылымның жетістіктерімен алмасуды кеңейту, мамандар мен жұртшылықты орта білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің теориялық және практикалық нәтижелері туралы ақпараттандыру.
«Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінде 2000 жылы тіркелді (куәлік № 1308-Ж), 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде қайта тіркелді (қайта тіркеу туралы куәлік № KZ94VPY00064976).
Негізгі тақырыптық бағыт ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін жариялау болып табылады.
Басым бағыттар:
1) Білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру;
2) Орта білім берудегі менеджмент;
3) Пәндерді оқыту әдістемесі;
4) Тәрбие және тұлғаны дамыту;
5) Арнайы және инклюзивті білім беру;
6) Үздіксіз педагогикалық білім беру.
Басылым: қағаз / онлайн.
Жарияланым тілі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, түрік тілі.
Жиілігі: жылына 4 рет.
Мақаланы жариялау шарттары:
- Ғылыми зерттеулердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін авторлар ғылыми жарияланымдардың халықаралық стандарттарын ұстануы қажет.
- Мақала ұсынылған кезде автор мақаланың түпнұсқа екендігіне және бұрын басқа дереккөзде ағымдағы немесе ұқсас түрде жарияланбағанына, мақала басқа баспагерлерге берілмегеніне кепілдік береді. Басқа тілдерде жарияланған мақалалардың аудармалары қабылданбайды.
- Зерттеу нәтижелері бұрмаланбаған, нақты мәліметтермен болуы керек, материалдарды жинау, іріктеу және өңдеудің тәртіптік ережелері сақталуы керек.
- Мақалада авторлардың орналасу тәртібін авторлардың өздері анықтайды және редакцияға тапсырғаннан кейін өзгеріссіз қалады. Редакциялау кезеңдерінде авторларды қосуға немесе жоюға жол берілмейді. Мақала қабылданғаннан кейін авторларды өзгертуге рұқсат етілмейді.
- Журналдың шығарылымына 1 автордан не тең авторлар ұжымы құрамындағы сол автордан бір қолжазбадан артық емес рұқсат етіледі.
- Бір мақаланың тең авторларының саны – 4-тен аспайды.
- Мақаланың өзіндік бірегейлік дәрежесі кемінде 70% - (құрауы тиіс (редакциялық алқаның шешіміне сәйкес).
- Егер мақалада балаларды зерттеуге байланысты мәселелер қозғалса, этикалық комитеттің қорытындысын ұсыну қажет.
Рецензиялау түрі: екі жасырын рецензиялау
Мұрағаттау және қол жеткізу
«Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы журналдың ресми сайтында өз мазмұнына ашық қолжетімділікті ұсынады. Бұл барлық әлеуетті оқырмандар мен авторлар үшін журналға кеңірек ақпараттық қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
Оқырмандар мен авторлар журналдың ағымдағы басылымының электрондық нұсқаларымен және https://bilim-uba.kz сайттағы алдыңғы кезеңдердегі мұрағаттармен таныса алады .
Мұрағаттау
- «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ;
- ҚР ОМ Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА кітапханасы.
Плагиатқа қатысты этика және саясат:
Журнал этикалық мәселелерді, соның ішінде заңсыз әрекеттер мен бас тартуларды шешуге қатысты жарияланымдар этикасы комитетінің (COPE) нұсқауларын орындайды. Редакциялық саясатқа сәйкес редакцияға келіп түскен барлық мақалалар міндетті түрде «Антиплагиат-Казахстан. Эксперт» жүйесі арқылы плагиатқа тексеріледі.