Сингапур мен Эстонияның бастауыш мектептеріндегі заманауи білім беру тәжірибесі: қазақстандық контекст үшін халықаралық тәжірибе

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-56-68

Түйінді сөздер:

білім беру, бастауыш мектеп, білім сапасын бағалау, бейімделу, халықаралық тәжірибелер, мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау

Аннотация

Аталған зерттеу ғаламдану және қарқынды технологиялық прогресс жағдайында бастауыш білімді реформалауға байланысты өзекті мәселелер мен қиындықтар қарастырылады. Ерекше назар PISA, PIRLS және TIMSS секілді халықаралық білім сапасын бағалау бағдарламаларында үлгілі модельге айналған Сингапур мен Эстонияның тәжірибесіне бөлінген. Сингапур, халықаралық рейтингтерде жоғары орындарға ие болып, белсенді оқыту әдісін қолданады және сыни ойлау қабілетін дамыту мен өзгермелі жағдайларға бейімделуге басымдық береді. Эстонияның білім беру жүйесі өз кезегінде жеке-дара тәсіл мен цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған. Эстон моделі үшін маңызды құрамдас бөліктердің бірі – оқушылардың психологиялық әл-ауқатына назар аудару. Авторлар бастауыш білімнің оқушылардың болашақтағы оқуы мен сыни ойлауын дамытудағы маңыздылығын атап көрсетеді. Сонымен қатар, бастауыш мектептегі білім сапасын бағалау әдістері, олардың баланың жеке тұлға ретінде дамуына әсері және Қазақстан Республикасында басталған реформалар аясында білім беру жетістіктерін бағалаудың тиімді құралдарын іздеудің қажеттілігі талқыланады. Халықаралық тәжірибені енгізу білім сапасын жақсартуға және Қазақстан оқушыларын болашақтағы ғаламдық сын-тегеуріндерге дайындауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері тиімдірек білім беру стратегияларын әзірлеу және енгізу үшін пайдалы болуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Қалай келтіруге болады

Салиева, А., Кожахметова, С., Токатлыгиль , Ю., & Сомжүрек , Б. (2024). Сингапур мен Эстонияның бастауыш мектептеріндегі заманауи білім беру тәжірибесі: қазақстандық контекст үшін халықаралық тәжірибе. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 111(4), 56–68. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-56-68

Шығарылым

Бөлім

Білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру