Қазақстандық оқушылардың оқытылатын тілдерге құндылық қатынастарын қалыптастыру мәселесі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-151-166Түйінді сөздер:
тілдік білім беру, тілдік білім беруді аксиологияландыру, тілдерге құндылық қатынасы, құндылық қатынас критерийлері, құндылық қатынасын диагностикалау, оқушыларАннотация
Авторлар осы мақалада оқушылардың оқылатын тілдерге құндылық қатынасының мәселелерін тілдік білім беруді аксиологияландыру тұрғысынан қарастырады. Зерртелеу құбылыстың композициялық құрылымын құра отырып, авторлар оқушыларды тілдерді үйренуге ынталандыру мәселелеріне назар аударды. Бұл тұрғыда аталған мотивацияны авторлар тілдерге құндылық қатынасын бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі ретінде қарастырады. Бұл мақалада қазақстандық оқушылардың оқытылатын тілдерге құндылық қатынасының қалыптасу деңгейін диагностикалауға және бағалауға бағытталған эмпирикалық зерттеу материалдары баяндалған. Бұл ретте зерттеу фокусына үш тіл алынды: қазақ (Т2), орыс (Я2) және ағылшын (L3). Қазақстандағы үш тілді білім беру терминологиясында бұл екінші және үшінші тілдерді, яғни орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілін және мектептердегі оқыту тіліне қарамастан ағылшын тілін білдіреді. Авторлар осы мақалада баяндалған материалдар кеңірек зерттеудің үзінділерінің бірі екенін атап өтеді, өйткені тілдерді зерттеудегі мотивация тілдерге құндылық қатынасының тоғыз критерийінің бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты қазақстандық оқушылардың үш тілді үйренуге деген ынтасының деңгейін анықтау болып табылады. Зерттеудің негізгі әдісі онлайн-сауалнама болып табылады, оған Қазақстанның төрт өңіріндегі мектептердің 6-9 сынып оқушылары қатысты.