Мектепте ағылшын тілін шет тілі ретінде үйренуге арналған сандық құралдар мен мобильді қосымшаларға шолу

Авторлар

  • Асем Аскарова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Нуркеш Жуманбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-10-20

Түйінді сөздер:

сандық құралдар, мобильді қосымшалар, цифрландыру, цифрлық/сандық технологиялар, құзыреттілік, шет тілі, білім беру құралдары

Аннотация

Қазіргі таңда күнделікті өмірді цифрлық технологиясыз елестету мүмкін емес.   Білім беру процесінде цифрлық технологияларды пайдалану әсіресе өзекті мәселе болып табылады, өйткені олар жаңа оқу мүмкіндіктерін жасайды және оқушылар үшін сабақтарды тартымды және қызықты етуге көмектеседі. Осы мақаланың мақсаты- шет тіл сабақта цифрлық технологияларын қолдану тенденциясын сипаттау және осының ішінде ең танымалдарын анықтау. Мақалада мектеп мұғалімдерінің цифрлық құралдар мен мобильді қосымшаларды қолдану тәжірибесі келтірілген. Деректерді жинау және талдау мақсатымен онлайн сауалнамада 45-ке жуық ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, мектеп мұғалімдерінің көпшілігі шет тілі сабақтарын қызықты ету үшін цифрлық және мобильді қосымшаларды үнемі пайдаланады, алайда сауалнамаға қатысқандардың тағы бір бөлігі бұл технологияларды пайдалы деп санасада өз сабақтарында жаңа технологияларды сирек немесе ешқашан қолданбайды. Бұл жағдай мұғалімдер арасында цифрлық білім мен дағдылардың жетіспеушілігін көрсетеді, сондықтан қосымша кәсіби даму мен білім беру бағдарламаларына қажеттілік туындайды. Соңғы талдаулар мұғалімдердің цифрлық құралдарды тиімді пайдалану үшін даярлықтарын арттырудың маңызды екенін көрсетеді.  Осы мақаланың қорытындылары мұғалімдерді цифрлық құралдар мен мобильді қосымшалардың алуан түрлерімен таныстыра алады және оқушыларды шет тілін оқыту процесіне тиімді тартуға көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Қалай келтіруге болады

Аскарова, А., & Жуманбекова, Н. (2024). Мектепте ағылшын тілін шет тілі ретінде үйренуге арналған сандық құралдар мен мобильді қосымшаларға шолу. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 111(4), 10–20. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-10-20

Шығарылым

Бөлім

Білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру