География сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын нәтижеге бағытталған іс-әрекеттер арқылы дамыту

Авторлар

  • кандидат географических наук, и.о. ассоц.проф. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Dr. Prof. Гази Университеті
  • магистр географии, старший преподаватель Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • PhD student Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-42-60

Түйінді сөздер:

географиялық білім, зерттеу дағдылары, нәтижеге бағытталған әрекеттер, гидрологиялық нысан, цифрлық ресурс

Аннотация

Қазіргі уақытта география сабағында берілетін тапсырмалардың саны, түрлері өте көп. Бірақ маңыздылығы мен мазмұндылығы тарапынан зерттеу дағдыларын қалыптастыратын іс-әрекеттерді пайдалануды қамтамасыз ету қажет. Зерттеу дағдысы қалыптасқан оқушылар оқу үдерісінде география сабақтарында тапсырмаларды орындаумен қатар, алған дағдыларын күнделікті өмірде, кез келген ортада қолдана алады. Пән мұғалімі география сабағында зерттеушілік орта қалыптастыру арқылы тәжірибелік іс-әрекеттерін жетілдіріп, оқытудың және зерттеу дағдыларын дамытудың жоғары деңгейлерін жүзеге асырады. Мақалада мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру сабақта және сабақтан тыс оқу жағдайларда орындалатын іс-әрекеттерінің зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу дағдылары ұғымына ғылыми дереккөздеріне талдау жасау арқылы анықтамалар берілді. География пәні мұғалімдерінен сауалнама алынып, нәтижесінде зерттеу тақырыбына байланысты мәселелер айқындалып, оның шешу жолдары ұсынылды. Оқушылардың зерттеу дағдыларын анықтауға байланысты бірқатар мәселелер сауалнама нәтижелері арқылы анықталды. Сондықтан да география пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмекші құрал ретінде және оқушыға бағыт-бағдар беретін оқыту тәсілдері ұсынылды. Зерттеу жұмыстары мен күнделікті сабақтарда жүргізілетін дәстүрлі және қашықтық форматта орындалатын тапсырмалардың бағдарламалық қамтамасыз етілген нұсқалары келтіріліп, сандық, статистикалық тәсілдермен айқындалды. Алынған ANOVA сынағының нәтижесінде әсер өлшемін (.54) ескере отырып, топтар арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін көрсетеді. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытатын іс-әрекеттерде цифрлық, онлайн оқыту сервистерінің мүмкіндіктері қарастырылды және  оқушылар қызығушылығын арттыратын ресурстардың түрлері сараланды. Зерттеу дағдыларын дамыту оқушылардың  пәндік білім деңгейінің жоғары әрі сапалы болуының кепілі.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Қалай келтіруге болады

Боранкулова, Д., Аксой, Б., Бейкитова, А., & Мусахан, Р. (2025). География сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын нәтижеге бағытталған іс-әрекеттер арқылы дамыту. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 112(1), 42–60. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-42-60

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі