География пәнінде диверсификация ұғымын оқытудың әдіснамалық негізі

Авторлар

  • Асет Сералиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Орденбек Мазбаев Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Думан Алиаскаров Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Атасой Эмин Бурса Улудаг университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-3-84-97

Түйінді сөздер:

оқыту әдістемесі, жаңартылған білім, әртараптандыру, экономикалық аудандар, шаруашылық, бәсекеге қабілеттілік

Аннотация

Мақаланың басты мақсаты аймақтардың экономикалық жағдайына сай әртараптандыру ұғымын сабақта қалыптастыру,жетілдіру. Экономикалық тұрғыда (әртараптандыру) диверсификация ұғымы жайлы көптеген ақпараттар берілген. Әртараптандыру ұғымының аясы кең болғандықтан, мақалада қарастыруды жөн көрдік. Әртараптандыру экономиканың даму барысында, өндірісті,шаруашылық саласын қайта құруда қолданылатын әдіс. Шетелдік басылымдар негізінде мысалдар келтіріп, шаруашылықтың нарыққа сай жаңаруы жайлы ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Қазіргі заман талабына сай шаруашылық салалары,оның жеке секторлары жаңарып, мамандандырылуға бейімделген. Қалыптасып түрленуі – өз кезегінде әртараптандырудың көрінісі болғандықтан география сабақтарында осы ұғымды түсіну бағдарлама мақсаттарын ескере отырып қарастырылды. Қазақстанның экономикалық аудандарының құрылуы жайлы тарихи деректер негізінде экономикалық аудандастыру мен экономикалық әртараптандыру ұғымдарын байланыстырып, ерекшеліктеріне ғылыми мазмұнда дәлелдемелер келтіріледі. Мақалада   Қазақстан экономикалық дамуында қолданылатын әртараптандыру  ұғымын оқытудың оқу әдістемелік негіздері қарастырылды. Зерттеу барысында алдыға қойған мақсатымыз – экономиканы әртараптандыру ұғымын талдап, орта мектептерде білім беру барысында кеңінен насихаттау,педагогикалық тұрғыда оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру. Экономикадағы әртараптандыру үдерісін жаңартылған білім мазмұнындағы мектеп бағдарламаларында қолданудың әдіснамалық негізіне тоқталып, талдаулар жүргіздік. Мазмұнды талдау барысында әртүрлі әдістер қолданылды, соны ішінде диахронды салыстыру әдісіне назар аударылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Қалай келтіруге болады

Сералиев , А., Мазбаев , О., Алиаскаров , Д., & Эмин , А. (2024). География пәнінде диверсификация ұғымын оқытудың әдіснамалық негізі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 110(3), 84–97. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-3-84-97

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі