Ата-аналардың балаларының мамандық таңдауына әсері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-3-107-117Түйінді сөздер:
ата-аналардың ықпалы, мансаптық ұмтылыстар, білім деңгейі, қала мен ауыл арасындағы алшақтық, кәсіби бағдарлауАннотация
Бұл зерттеу ата-аналардың балаларының мансаптық ұмтылыстарын қалыптастырудағы рөлін зерттейді, ата-аналардың білім деңгейі мен тұрғылықты жерінің (қала-ауыл) кәсіби бағдарға қатысуына әсері ерекше назарға алынған. Деректер еліміздің 17 өңірі мен республикалық маңызы бар 3 қаласындағы 200 мектептен 5000 ата-анадан қолайлы іріктеу әдістері арқылы жиналды. Респонденттердің демографиялық және академиялық шығу тегі сипаттамалық статистика арқылы талданды. Нәтижелер орта білім алған ата-аналардың кәсіби бағдар жұмыстарына жоғары білімді ата-аналарға қарағанда белсендірек қатысатынын көрсетеді. Сонымен қатар, қала мен ауыл арасындағы елеулі алшақтық анықталды, ауылдық жерлердегі ата-аналар кәсіби бағдар қызметіне хабарлығы төмендеу және аз қатысқандығын көрсетеді, бұл ауылдық аймақтардағы оқушылардың мансаптық ұмтылыстарын шектеуі мүмкін. Ата-аналардың қатысуы орта мектепте ең жоғары деңгейге жетіп, оқушылар жоғары білімге жақындаған сайын азаяды. Бұл тұжырымдар барлық оқушыларға қолдау көрсету үшін кәсіби бағдарлауға бағытталған шаралардың қажеттілігін, әсіресе ауылдық аймақтарда ерекше назар аударуды талап етеді. Зерттеу нәтижелері түрлі білім деңгейлері мен географиялық аймақтарда ата-аналардың қатысуын арттыру бойынша стратегияларды ұсынады.