Қосымша білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің рухани құндылықтарды қабылдауы және олардың ықпалы
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-3-98-106Түйінді сөздер:
рухани құндылық, қосымша білім беру ұйымы, академиялық үлгерім, қарым-қатынасАннотация
Мақалада рухани құндылықтардың қосымша білім беру ұйымдарына тигізетін әсері зерттеледі, атап айтқанда, олардың тәрбиеленушілердің академиялық үлгеріміне, қарым-қатынас жасау дағдыларына және қосымша білім беру ұйымдарындағы жалпы атмосфераны қабылдауына ықпалы қарастырылады. Зерттеуге 5-6 сыныптан 50 тәрбиеленуші қатысты, олардың орташа жасы 10,6 құрады. Зерттеу құралы ретінде авторлық сауалнама қолданылды. Сауалнама Ликерт шкаласы негізінде құрастырылды. Нәтижелер көрсеткендей, рухани құндылықтарды маңызды деп санайтын тәрбиеленушілердің қарым-қатынас жасау дағдылары мен оқу мотивациясы жоғары болады, алайда кейбір жағдайларда рухани құндылықтарды талқылау ұйым атмосферасын қабылдауға кері әсер етуі мүмкін екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері рухани құндылықтардың білім беру процесіндегі рөлін тереңірек түсінуге және олардың қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің дамуына тигізетін көпқырлы әсерін бағалауға мүмкіндік береді.