Қазақстанның білім беру ұйымдарында «Жаһандық құзыреттер» курсын енгізу мониторингінің нәтижелері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-100-114Түйінді сөздер:
тұрақты даму дағдылары, жаһандық құзыреттер, тұрақты даму мақсаттары, тұрақты даму бойынша оқу бағдарламаларыАннотация
Мақалада білім алушылардың тұрақты даму дағдыларын қалыптастыруға бағытталған 5-11 сыныптардың оқу бағдарламаларына «Жаһандық құыреттер» курсын енгізу мониторингінің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу оқу процесінде оқу бағдарламаларын енгізудің тиімділігін бағалау үшін Қазақстанның 17 өңірінен және республикалық маңызы бар 3 қаласынан 373 педагог арасында жүргізілген сауалнамаға, сабақтарды бақылау мен әңгімелесу нәтижелеріне негізделген сапалық және сандық талдауды қамтиды. Зерттеу нәтижелері білім алушылардың тұрақты даму құндылықтары мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін оқу бағдарламаларын енгізудің оң аспектілерін де, оқу процесінде оқу бағдарламаларын бейімдеудегі педагогтердің қиындықтарын да анықтауға мүмкіндік берді. Деректерді сандық және сапалық талдау тұрақты дамудың практикалық дағдыларын дамытуға, курс мазмұнының сыныптар мен бағдарлама бөлімдері арасындағы жүйелілігі мен сабақтастығын, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал ететін, курстың практикалық бағытын күшейтуге бағытталған оқу бағдарламаларына өзгерістер әзірленді және енгізілді.