Психологиялық-педагогикалық қолдаудың сабақтастығы мен үздіксіздігінің факторы ретінде барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-3-130-146Түйінді сөздер:
инклюзивті білім беру, психологиялық-педагогикалық қолдау, ведомствоаралық өзара байланыс, жүйелі тәсіл, үздіксіздік, сабақтастықАннотация
Мақалада білім беру ұйымдарының білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау процесінің барлық деңгейлерін іске асыру мәселелері қарастырылады. Авторлар жүргізген психологиялық-педагогикалық қолдаудың жағдайын отандық зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтері жұмысының тиімділігінің жеткіліксіздігі, жалпы білім беретін мектеп педагогтері көпшілігінің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі қиындықтары анықталды. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алу кезінде тәрбиеленушілер мен білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жағдайын зерделеу, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру жолдарын айқындау мақсатында зерттеу тобының мүшелері мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми зерттеу жүргізді. Халықаралық және отандық тәжірибені зерделеу нәтижесінде алынған сапалық және сандық деректерді триангуляциялау әдісімен жүргізілген зерттеу нәтижелерін, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері бойынша Қазақстанның қолданыстағы нормативтік құжаттарын, еліміздің білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдаудың жағдайын зерделеу нәтижелерін талдау білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау процесін іске асыруда бірқатар проблемалық мәселелерді анықтады. Зерттеу тобының мүшелері атап өткендей, білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау процесін іске асырудағы негізгі қиындықтар әкімшіліктің, мамандардың, білім беру ұйымдары педагогтерінің ойлауындағы әлеуметтік-педагогикалық қажеттіліктерден ерекше білім беру қажеттіліктерінің медициналық моделінің басым болуы; психологиялық-педагогикалық қолдау процесінің жүйесіздігі; білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушыларды кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуде барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының ішкі және сыртқы өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі болып табылады. Зерттеу қорытындысы бойынша зерттеу тобының мүшелері білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушыларды үздіксіз кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыруда жүйелі тәсілді қолдану қажеттілігі туралы қорытынды тұжырымдады; білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушыларды үздіксіз кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыру жолдары ұсынылады. Бұл ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар зерттеушілердің сабақтастық пен үздіксіздік негізінде инклюзивті білім беру процесін кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау моделін әзірлеуі үшін ғылыми-әдістемелік негізді құрайды.