Өзін-өзі бағалау мұғалімнің жеке брендінің негізгі компоненті ретінде

Авторлар

  • Гульмира Аспанова Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
  • Шынаргуль Байжекина Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
  • Татьяна Каратаева Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-225-234

Түйінді сөздер:

өзін-өзі бағалау, жеке бренд, мұғалім, жеке брендтің құрылымы, негізгі компонент

Аннотация

Қазіргі білім беру жүйесі мұғалімдерге жоғары талаптар қояды: бүгінгі таңда ол кәсіби құзыреттерді ғана игеріп қоймай, өз мамандығынан бөлек дағдыларды да меңгеруі тиіс, олардың кәсіби қызметтегі маңыздылығын біздің зерттеуіміз көрсетіп отыр. Соңғы ғылыми зерттеулер қазіргі мұғалімнің кәсіби қызметіндегі табыстылығына аса қатты ықпал ететін жеке брендінің керектігі туралы сөз қозғайды. Авторлар мұғалімнің жеке брендін қалыптастырудың ажырамас бөлігі өзін-өзі бағалау болып табылатынын атап өтеді. Мақаланың өзектілігі соңғы кездері зерттеу мәселесі шешімінің орталығы адам екендігіне негізделеді. Қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби тиімділігіндегі өзін-өзі бағалауды зерттеуге арналған еңбектердің саны жеткіліксіздеу. Мақала аясында зерттеудің мақсаты мұғалімнің жеке брендіне өзін-өзі бағалаудың ықпалын анықтау болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін ғылыми әдебиетке талдау жасау және мұғалімдерден сауалнама алу әдістері таңдалды әрі қолданылды. Пікіртерімге әр түрлі пәндік салаға жататын 56 мұғалім қатысты. Пікіртерім мұғалімдердің өзін-өзі бағалау деңгейін, олардың жеке брендті қабылдауын және оны қалыптастыруға өзін-өзі бағалаудың ықпалын айқындауға бағытталған сұрақтардан құралды. Пікіртерім барысында жабық және ашық сауалдар қолданылды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер негізінде мұғалімнің өзін-өзі бағалауы және оның жеке бренді арасындағы өзара байланыс анықталды. Авторлар өзін-өзі бағалау мұғалімнің жеке брендін қалыптастырудың негізгі компоненті болады деген тұжырымға келеді. Зерттеу нәтижелерін ғылыми қызметкерлер, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері, практик мұғалімдер қолдана алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Қалай келтіруге болады

Аспанова, Г., Байжекина, Ш., & Каратаева , Т. (2024). Өзін-өзі бағалау мұғалімнің жеке брендінің негізгі компоненті ретінде. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 111(4), 225–234. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-225-234

Шығарылым

Бөлім

Үздіксіз педагогикалық білім беру