Білім беру процесінде дидактогенияның салдары ретіндегі білім алушылардың психосоматикалық бұзылыстары
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2025-1-191-204Түйінді сөздер:
психосоматикалық бұзылыс, дидактогения, мектептің білім беру процесі, психосоматикалық симптом, дидактогендік невроз, денсаулық сақтау технологиялары, ынтымақтастықтың эмоционалды түрі, форум-театр әдісіАннотация
Мақала педагогикалық этикеттің немесе құқықтық нормалардың бұзылуынан, оқытушы тарапынан педагогикалық әдептің сақталмау себебінен туындаған деструктивті психикалық күйлердің салдары ретінде білім алушыларда дидактогенияның пайда болу проблемасына арналған. Зерттеушілердің материалдарын талдай отырып, авторлар психосоматикалық симптомның пайда болу алгоритмін психологиялық қорғаныс механизмі мен стресстік жағдайға психологиялық бейімделу механизмінің нәтижесі ретінде, сондай-ақ тиісті психологиялық сүйемелдеу болмаған кезде симптомның психосоматикалық бұзылысқа немесе ауруға айналуы ретінде сипаттайды. Әр түрлі сынып оқушылары арасында жүргізілген олардың физикалық және психикалық денсаулығына әсер ете отырып, білім алушылардың академиялық сәтсіздігінің себептерінің бірі болып табылатын дидактогенияның көрініс беруіне қатысты сауалнама нәтижелері ұсынылған. Балалар мен жастарға көмек көрсетуді адам өмірін қайта құруға, өзін және әлемді түсінуді дамытуға, адамдармен және қоғаммен өзара көмек пен бірлесу қатынастарын құру арқылы өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған біртұтас сүйемелдеу процесі ретінде ұйымдастыру туралы айта отырып, авторлар келесі әдістерді бөліп көрсетеді: сабақтарда бұғаттайтын коммуникативті әсерлерді жою; оқу процесінде коммуникативті қолдау көрсету; педагогикалық процестің барлық қатысушыларымен кері байланыс орнату; оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін дұрыс бағалау; педагог пен білім алушы арасындағы ынтымақтастықтың эмоционалды түрін дамыту. Мақала материалдарында педагогтар мен оқушылар арасындағы әртүрлі қақтығыстарды шешу жолдарын іздеу арқылы оқушыларда дидактогенияның көрінісін азайту мақсатында форум-театр әдісін қолдана отырып жүргізілген эксперименттің нәтижелері көрсетілді.
ҚАЗ
РУС
ENG