Инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімдердің жұмысқа дайындығы: кәсіби дамуындағы қажеттіліктерін талдау

Авторлар

  • Лаура Бутабаева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Гульбаршин Ногайбаева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Светлана Исмагулова Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Барысгүл Кеңес Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-3-118-129

Түйінді сөздер:

инклюзивті білім беру, педагогтің инклюзивті құзыреттілігі, ерекше білім беру қажеттіліктері, педагогтің кәсіби дайындық деңгейі, психологиялық-педагогикалық қолдау, оқу бағдарламаларын бейімдеу

Аннотация

Ұлттық және жаһандық деңгейде білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі - ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті білім беру ортасына интеграциялау. Мақаланың мақсаты – мұғалімдердің инклюзивті оқытуға дайындық деңгейін анықтау және мектептерде инклюзивті тәжірибені табысты енгізу үшін олардың кәсіби қажеттіліктерін анықтау. Зерттеуге Қазақстанның 20 өңірінен 16 355 педагог қатысты. Сауалнама нәтижелері 70% респонденттің ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту ерекшеліктері туралы жеткіліксіз білімге ие екенін көрсетеді. Бұл жағдай инклюзивті тәжірибенің тиімді іске асырылуына кедергі келтіреді. Сондай-ақ, педагогтердің көпшілігі ерекше білім беру қажеттіліктерін медициналық тұрғыдан түсінеді. Бұл жағдай да инклюзивті тәжірибенің толық жүзеге асуына шектеу жасайды. Алынған мәліметтер негізінде мұғалімдер үшін кәсіби даму бағдарламаларын күшейту, олардың инклюзивті құзыреттілігін арттыру және барлық білім беру процесінің қатысушыларымен ынтымақтастықты дамыту секілді ұсыныстар жасалды. Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін табысты құру үшін мұғалімдердің жоғары сапалы білімін, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және барлық мүдделі тараптармен белсенді өзара әрекеттесуді қамтитын жүйелі тәсіл қажет. Мақала материалдары инклюзивті білім беруді және педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін дамытуға қызығушылық танытқан мұғалімдерге, мектеп басшыларына, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге, саясаткерлер мен зерттеушілерге пайдалы болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Қалай келтіруге болады

Бутабаева , Л., Ногайбаева, Г., Исмагулова , С., & Кеңес, Б. (2024). Инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімдердің жұмысқа дайындығы: кәсіби дамуындағы қажеттіліктерін талдау. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 110(3), 118–129. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-3-118-129

Шығарылым

Бөлім

Арнайы және инклюзивті білім беру