А. Кемелбаеваның прозасын мектеп оқушыларына оқытудың өзектілігі

Авторлар

  • Динара Орынбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Дариха Сатемирова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-3-74-83

Түйінді сөздер:

постмодернизм, ХХІ ғасыр әдебиеті, әдебиетті оқыту, Айгүл Кемелбаева шығармашылығы, оқыту әдістемесі

Аннотация

Жаһандану мен жасанды интеллект қарыштап дамып жатқан заманның жас жеткіншегінің ұлттық әдебиетке қызығушылығы төмен екені тәжірибеде дәлелденіп отыр. Себебі әдебиет – қоғамның айнасы. Оқырман туындыдан өзі өмір сүріп отырған дәуірдің, өз замандасының бейнесін қаншалықты көре алса, шығарма соншалықты тартымды болары сөзсіз. Заман секілді әдебиет те үнемі динамикада болатын құбылыс. Бүгінгі күннің жас оқырманын қызықтыратын тың туындылар жазылып жатыр, тек оларды оқыту ісі кенжелеп тұр. Зерттеу барысында алынған сауалнама мен сұхбаттасу нәтижелері бұл пікірді айғақтайды. Сондықтан ХХІ ғасыр оқырманының сұранысын қанағаттандыратын материал іріктеліп және сол материалды дұрыс оқыта білу жолға қойылуы тиіс. Мақаланың мақсаты – мектеп оқушыларының қызығушылықтарын оятатын туындыларды дүниеге әкеліп жүрген жаңа заман жазушысы Айгүл Кемелбаеваның шығармаларын талдау, мектеп бағдарламасында берілген әңгімелерін дұрыс оқытуға және талдатуға бағыт беру.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Қалай келтіруге болады

Орынбаева , Д., & Сатемирова, Д. (2024). А. Кемелбаеваның прозасын мектеп оқушыларына оқытудың өзектілігі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 110(3), 74–83. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-3-74-83

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі