Білім берудегі инновациялық тәсілдер: микро- және нано оқытудың бастауыш мектепте икемділікке жету механизмі ретіндегі рөлі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-4-69-88Түйінді сөздер:
микрооқыту, нанооқыту, үздіксіз оқыту, онлайн оқыту, инновация, бастауыш мектеп, икемділікАннотация
Мақалада бастауыш мектептердегі білім берудің икемділігі мен тиімділігін арттыру үшін инновациялық тәсілдер ретінде микро және нано оқытуды енгізу талқыланады. Микрооқыту қысқа оқу сессияларымен (10-15 минутқа дейін), цифрлық технологияны қолданумен және шағын, нақты анықталған ақпарат бөліктеріне назар аударумен сипатталады. Нано оқыту, микрооқытудың экстремалды түрі бола тұра қысқа (бір минуттан аз) және өте нақтылығымен ерекшеленеді. Зерттеудің мақсаты – білім беру үдерісінің икемділігін арттырудың инновациялық әдістері ретінде бастауыш мектептердегі микро- және нано оқытудың тиімділігін зерттеу, олардың әлеуетін талдау және қолданыстағы бастауыш білім беру жүйесіне интеграциялау бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу әдебиеттерді талдауға және микро- және наносабақтарды өткізу әдістемесі бойынша оқытудан кейін мұғалімдердің білімді меңгеру тиімділігін эксперименттік бағалауға негізделген. Авторлар жеке оқытудың артықшылықтарын және оның оқушылардың сыни ойлауы мен шығармашылығын дамытудағы мүмкіндіктерін атап көрсетеді. Эксперимент мұғалімдерді оқытуды, микро және наносабақ сериясын әзірлеуді, оларды оқу процесіне енгізуді және нәтижелерді бағалауды қамтыды. Нәтижелер эксперименттік топтағы оқушылардың оқу үлгерімінің, ынтасының және белсенділігінің жоғарылағанын көрсетті. Зерттеу нәтижелері педагогикалық тәжірибені жетілдіруге және білім сапасын арттыруға ұмтылатын бастауыш және орта білім беру саласындағы мұғалімдер мен мамандар үшін пайдалы болуы мүмкін. Авторлар микро- және нано-оқыту білім беру процесіне айтарлықтай әсер етеді, оқу деңгейін жоғарылатады және оқытуды оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді деген қорытындыға келеді.