Орта мектепте Абай шығармаларын оқытуда цифрлық технологияларды қолдану

Авторлар

  • Куралай Утепбергенова «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№42 орта мектебі» КММ
  • Бибигул Тулебаева «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№42 орта мектебі» КММ
  • Арай Исмаилова «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-79-87

Түйінді сөздер:

Абай Құнанбаев, цифрлық технологиялар, виртуалды шынайылық (VR), оқуға қызығушылық, цифрлық құзіреттілік

Аннотация

Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар маңызды рөл атқарады, әсіресе орта мектеп деңгейіндегі пәндерді оқытуда кең қолданылады. Бұл зерттеудің мақсаты – Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін оқыту барысында виртуалды шынайылық (VR) технологияларының білім алушылардың ынтасы мен қызығушылығына, оқу нәтижелеріне және цифрлық құзіреттіліктеріне әсерін зерттеу болды. Зерттеу Астана және Ақтөбе қалаларындағы 6 сынып оқушыларымен жүргізілді. Эксперименттік топта VR технологиялары қолданылып, бақылау тобында дәстүрлі оқыту әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері бойынша, VR технологияларының көмегімен оқыту қызығушылықты арттырып, оқу материалын түсіну деңгейін едәуір жақсартатыны анықталды. Сондай-ақ, VR технологияларын қолдану сабақ материалдарын түсіну деңгейін де арттырды. Бұл зерттеу, VR технологияларының білім беру үдерісінде тиімді қолданылуының болашағы зор екендігі көрсетілді. Зерттеу шектеулері ретінде қатысушылар санының аздығы мен тек бір оқу пәніне бағытталуы аталды, болашақта осы бағыттағы зерттеулерді кеңейту ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-01

Қалай келтіруге болады

Утепбергенова , К., Тулебаева, Б., & Исмаилова , А. (2024). Орта мектепте Абай шығармаларын оқытуда цифрлық технологияларды қолдану. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 109(2), 79–87. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-79-87

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі