Мектеп білім алушыларына мансаптық кеңес беру: библиометрикалық талдау

Авторлар

  • Қуандық Тайболатов
  • Анар Тастанова Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Арай Аманова Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-98-107

Түйінді сөздер:

мансаптық кеңес беру, библиометриялық талдау, VOSViewer, зерттеушілер арасындағы желілер, Scopus

Аннотация

Бұл зерттеу Scopus дерекқорын пайдалана отырып, 1960 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде мектеп білім алушыларына мансаптық кеңес беру бойынша материалдан тұратын әдебиеттерге кешенді библиометриялық талдау ұсынады. Талдаудың мақсаты – осы саладағы зерттеулердің дамуы мен қазіргі жағдайын бақылау, негізгі тенденцияларды, проблемалар бойынша жетекші журналдарды, материалдың пәнаралық сипатын, ғылыми ынтымақтастық желілерін және зерттеу қызметінің географиялық таралуын анықтау. Зерттеу нәтижелері мансаптық кеңес беруге деген қызығушылықтың артуын анықтады, бұл оның қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы мен тәжірибеге бағытталған кәсіби даму контекстіндегі өзектілігін көрсетеді. Осы саладағы ғылыми ізденістер мен жетістіктер үшін құнды дереккөздерді ұсынатын жетекші журналдар анықталды. Психологияны, әлеуметтік ғылымдарды қамтитын зерттеулердің пәнаралық сипаты көрсетілді, бұл зерттеу тақырыбына кешенді көзқарасты көрсетеді. Vosviewer бағдарламасының көмегімен белгілі зерттеушілер мен олардың ғылыми байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін тақырып бойынша кемінде бес мақала жариялаған авторлардың ынтымақтастық желілері бейнеленген. Мұндай талдау одан әрі ғылыми ынтымақтастыққа және зерттеу қауымдастығымен танысуға ықпал етеді. Сонымен қатар, географиялық талдау көрсеткендей, мансаптық кеңес беруге деген жаһандық қызығушылыққа қарамастан, Орталық Азия елдерінде зерттеулер салыстырмалы түрде аз, бұл аймақтағы қосымша зерттеулердің қажеттілігін көрсетеді. Бұл библиометриялық талдау болашақ зерттеулердің негізгі тақырыптары мен бағыттарын анықтай отырып, мансаптық кеңес беру саласындағы зерттеулердің эволюциясы, өнімділігі және интеллектуалды құрылымы туралы құнды түсінік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-02

Қалай келтіруге болады

Тайболатов, Қ., Тастанова , А., & Аманова , А. (2024). Мектеп білім алушыларына мансаптық кеңес беру: библиометрикалық талдау. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 109(2), 98–107. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-98-107

Шығарылым

Бөлім

Тәрбие және тұлғаны дамыту