Ағылшын тілін шет тілі ретінде үйрену процесінде ауыл мектептері білім алушыларының мотивациясы

Авторлар

  • Жулдыз Саламатова Ustaz Pro Кәсіби біліктілікті арттыру орталығы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-53-62

Түйінді сөздер:

жаһандану, ауыл мектептері, Ағылшын шет тілі ретінде, мотивация, отбасы ықпалы

Аннотация

Білім алушылардың ағылшын тілін шет тілі ретінде меңгеру мотивациясы жайлы оның әлемдегі маңыздылығының күшеюі мен жаһандану ықпалын ескере отырып көптеген эмпирикалық зерттеулер жүргізілді. Бірақ Қазақстанда өткен зерттеулерде мектеп білім алушыларының ойы, әсіресе, ауылдық жерлерде мүлдем ескерілмеген. Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты – ауыл мектептерінің бірінде ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудағы мотивациялық бағдарларды зерттеу болды. Ол үшін келесі зерттеу сұрақтары құрастырылды: 1) Ағылшын тілін шет тілі ретінде үйренуде студенттердің мотивациясы қандай? 2) Мотивациясын арттыру үшін қандай стратегиялар пайдалы деп саналады? Зерттеуде Дорни (2005) ұсынған Motivational Language 2 System теориясы қолданылды. Ол үш құрамдас бөліктен құрылған: Ideal 2 Self; Ought 2 Self; Language 2 learning experience. Зерттеу сапалы әдіс арқылы жүргізілді. Деректер 9-сыныптың тоғыз оқушысымен жартылай құрылымдық жеке сұхбат арқылы жиналды. Деректерді талдау үшін Браун және Кларк (2013) әзірлеген тақырыптық талдаудың алты кезеңі пайдаланылды. Зерттеу оқушыларда Ideal 2 Self Ought 2 Self -тен басым болатынын анықтады, мұнда отбасы мен болашақ жоспарлары ықпал ететін факторлар болып табылды. Осы зерттеуден ағылшын тілінде сабақ өткізу, мектепішілік жарыстар ұйымдастыру, қосымша сыныптар қосу, ауылда жеке репетиторлық орталықтарды ашу сияқты бірнеше ұсыныстар айтылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-01

Қалай келтіруге болады

Саламатова , Ж. (2024). Ағылшын тілін шет тілі ретінде үйрену процесінде ауыл мектептері білім алушыларының мотивациясы. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 109(2), 53–62. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-53-62

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі