Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының пән мұғалімдерімен өзара іс-қимылы
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-108-119Түйінді сөздер:
психологиялық-педагогикалық қолдау, инклюзивті білім беру, ерекше білім беруді қажет ететін балалар, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандары, , пән мұғалімдеріАннотация
Барлық білім алушыға сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда мектеп кеңістігінде әрбір баланы жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып білім беру процесіне қосуда психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының бірлескен жұмысы маңызды. Осыған байланысты берілген мақалада психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандары мен пән мұғалімдерінің өзара іс-қимылын зерделеу, бірлескен серіктестікті жүзеге асырудағы қиындықтарды анықтау және оларды еңсеру бойынша ұсынымдар беру мақсат етіледі. Зерттеу барысында белгіленген міндеттерді орындау және деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін авторлар теориялық, диагностикалық және эмпирикалық әдістерді қолданды. Зерттеу әдіснамасына сәйкес сапалық және сандық зерттеу құралдары негізінде өңірлерде жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілді. Нәтижелер білім алушылардың оқудағы қиындықтарын уақытылы анықтау және оларға қажетті қолдау көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының пән мұғалімдерімен өзара іс-қимылын арттыру маңыздылығын, мұндайда білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысын бекітілген қағидаға сәйкес жүзеге асыру қажеттілігін айғақтайды. Сондай-ақ мақалада авторлармен аталған топтардың өзара іс-қимылын тиімді іске асыру, сәйкесінше барлық балалардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере келе білім беру процесіне қосылуын қамтамасыз ету үшін халықаралық тәжірибеге сүйеніп әзірленген психологиялық-педагогикалық қолдау моделі ұсынылады.