Мектепте бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу бойынша зерттеу нәтижелері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-88-97Түйінді сөздер:
адамгершілік, адамгершілік тәрбие, моральдық сана, әлеуметтік жауапкершілік, адами қасиет, адамгершілік қасиетАннотация
Мақалада адамгершілік тәрбиесі туралы теориялық ізденістер мен эксперимент жұмыстарының нәтижелері ұсынылады. Білім алушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселенің өзектілігі қазіргі кезеңдегі проблемалармен байланысты талданып көрсетілген. Жалпы адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына әсер етуші факторлардың ықпалдарын төмендету үшін зерттеу проблемасы тұрғысынан модель ұсынылады. Ұсынылған модельдің білім беру ортасында тиімділігі эксперимент жұмыстарының нәтижелері арқылы дәлелденген. Мақалада зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы және эксперимент жұмыстары барысында алынған деректерге салыстырмалы және сапалық талдау жасалып, эксперимент жұмыстарының нәтижесінде ұсынымдар әзірленген. Зерттеу жұмысында Л.Колбергтің моралдық сана дамуын бағалау әдістемесі бейімдеп қолданылады және шынайы тәжірибеде жиі орын алатын жағдаяттарды саралай отырып, кейстерді шешу ұсынылады. Кейстер бойынша білім алушылардың шешім қабылдау ерекшеліктеріне талдау жасау жұмыстарының нәтижелері талқыланған. Мақалада эксперимент барысында адамгершілікке тәрбиелеу моделі негізінде тәжрибеде тиімді қолдануға болатын түрлі әдістер қамтылған. Білім алушыларды адамгершілікке тәрбиелеу моделі шеңберінде ұсынылған шаралардың, ата-аналармен бірлескен жұмыстардың нәтижелігі анықталған. Зерттеу жұмысында эксперимент тобында бақылау тобына қарағанда айтарлықтай жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Бұл эксперимент тобындағы білім алушылардың жеке моральдық сенімдеріне негізделген шешімдер қабылдау қабілеті мен әділеттілік пен адалдық принциптеріне адалдықтары артқаны анықталды. Зерттеу жұмысын қорытындылай келе адамгершілік тәрбиенің білім беру процесінің барлық аспектілеріне интеграциялау ұсынылады.