Алматы облысындағы «50 табысты мектеп» жобасының тиімділігін бағалау: зерттеудің аралық нәтижелері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-10-22Түйінді сөздер:
орта білім, педагогтерді қолдау, білім сапасы, Алматы облысы , Білім-инновация лицейіАннотация
Бұл мақалада Алматы облысында білім сапасын арттыру және педагогтердің шығармашылығын жетілдіру бағытында «Білім-инновация» лицейлерінің көмегімен іске асып жатқан «50 сәтті мектеп» жобасының тиімділігін зерттеудің аралық нәтижелері талқыланды. Мақала бес бөлімнен тұрады. Екінші бөлімде зерттеудің әдіснамасы туралы ақпарат берілді. Үшінші бөлімде зерттеу нәтижесі талқыланды және жоба туралы академиялық тұжырымдар әзірленді. Төртінші бөлімде зерттеудің нәтижесінде алынған тұжырымдардың маңызы мен өзектілігі ашылып, олардың қазіргі академиялық білімдегі орны мен ықпалы түсіндірілді. Соңғы бөлімде негізгі түйіндер жазылды және ұсыныстар берілді. Жобаның тиімділігін бағалау үшін ғылыми зерттеудің сапалық (тереңдетілген сұхбат) және сандық (сауалнама) тәсілімен ақпарат жиналды. Аралас тәсіл жоба туралы сенімді тұжырымдар жасауға және жалпылауға болатын қорытындылар әзірлеуге септігін тигізді. Аралық зерттеу нәтижесінде «50 сәтті мектеп» жобасы педагогтер үшін пайдалы болғандығы анықталды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде жобаның одан әрі тиімділігін арттыру бойынша респонденттердің ұсыныстары талданып, тұжырымдар әзірленді. Жалпы, педагогтерді қолдаудың білім жүйесіне ықпалы туралы дәйекті ғылыми негіз қалыптастыру үшін жоба аяқталғаннан кейін білім сапасындағы өзгерістерге ұзақмерзімді әсерін бағалау қажет.