Биология сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-33-42Түйінді сөздер:
Функционалдық сауаттылық, мәтіндік жұмыс, мәтіндегі түйінді сөздер, зерттеу жұмыстарыАннотация
Аталған жұмыстың мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру болып табылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын анықтау, әдістері мен формаларын әзірлеу қажеттілігі болып табылады. Зерттеу Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясында жүргізілді. Биология сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтау үшін 6, 8, 9 сыныптардағы 67 оқушыдан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижелері бойынша мектеп оқушылары мәтінмен жұмыс істеу кезінде негізгі кілтті сөздерді бөліп көрсетуде, тақырыптың негізгі идеясын табуда қиындықтар туатыны және зерттеушілік дағдыларын дамытуға көбірек көңіл бөлгенді қалайтындары белгілі болды. Жоғарыда аталған қиындықтарды шешу үшін биология сабақтaрында білім алушылардың функционaлдық сaуaттылығын арттыруғa бағытталған тапсырмaлар әзірленіп, сaбақ жоспaрлары құрастырылды және оқушылардың жобалау іс-әрекеті арқылы өз бетінше зерттеу жұмысын жүргізу дaғдыларын жетілдіру, сонымен қатар, сыни ойлау қабілетін арттыру, өмірдегі түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай алу әрекеттерін қалыптастыруға арналған сабақтар өткізілді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде оқу үрдісіндегі жобалық іс-әркеттер оқушылардың тәжірибелік дағдылары, талдау, пайымдау, орындалған жұмысты көрсете алу дағдылары қалыптасты. Жұмыстың жаңалығы – білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылды және жобалау іс-әрекеті кезеңдерін іске асыратын сабақ жоспарлары құрастырылып, ғылыми негізделген дәлелді ұсыныстар берілді.