Шетелдіктерге түрік тілін үйретудегі тіларалық омонимдердің оқыту үдерісіне әсері : түрік-орыс тілдері мысалында

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-23-32

Түйінді сөздер:

шетелдіктерге түрік тілін үйрету, гомофондық құрылымдар, қос тілді оқыту, орыс тілі, тіл үйрету, тіларалық омонимдер

Аннотация

Тіл үйрету процесінде омонимдер (homonyms) шет тілін үйренушілерге айтарлықтай әсер етеді. Омоним сөздердің пайда болу себептері сан алуан. Бұл жағдай көбінесе тілдердің күрделі даму процестеріне байланысты болғанымен, кейде тілдердің арасындағы өзара әрекеттесу арқылы немесе тілдердің өзіндік дамуы арқылы пайда болады. Бұл мақалада түрік пен орыс тіліндегі мағынасы әртүрлі, бірақ жазылуы мен айтылуы бірдей сөздердің шетелдіктерге түрік тілін үйретуге қалай әсер еткені қарастырылады. Мұндай сөздер оқушылардың оқу процесінде түсінбеушіліктері мен қателіктерін тудыруы мүмкін. Зерттеу орыс ұлты өкілдерінің түрік тілін үйренуде осы сөздермен кездескен кездегі қиындықтарын, бұл сөздердің олардың оқыту стратегияларына тигізетін әсерін және бұл қиындықтарды қалай жеңуге болатынын қарастыруды мақсат етеді. Сондай-ақ тіл үйретуде гомофондық құрылымдардың қандай артықшылық немесе кемшілік тудыратынын анықтау қажет. Бұл зерттеуде сапалы зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысында салыстырмалы лингвистика әдісі арқылы грамматикалық және лексикалық талдаулар жасалып, оқыту үрдісінде қолдануға болатын стратегиялар да талқыланды.Түрік тілін үйренетін орыс ұлты өкілдеріне жүргізілген бақылаулар мен осы мәселеге қатысты әдебиеттерге шолу жасаудан алынған деректер талданды. Зерттеудің шектеулерінің қатарында тек орыс тілінде сөйлейтін тіл үйренушілердің түрік  және орыс тіліндегі омоним сөздерге қатысты мәселелері қарастырылды.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-07-01

Қалай келтіруге болады

Гөргеч, Д. (2024). Шетелдіктерге түрік тілін үйретудегі тіларалық омонимдердің оқыту үдерісіне әсері : түрік-орыс тілдері мысалында. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы, 109(2), 23–32. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-2-23-32

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдістемесі