Ғылыми ұйымдағы этикалық қадағалау: халықаралық стандарттарды талдау және сараптама мазмұнын жобалау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.59941/2960-0642-2023-2-166-180Түйінді сөздер:
зерттеу этикасы, этикалық қадағалау, ғылыми зерттеулердің тәуекелдері, талаптарАннотация
Бұл мақала зерттеу этикасының негізгі нормалары мен ережелерін, оларды АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия сияқты шет елдерде сақтау мәселелеріне арналған. Ғылыми зерттеулердің дұрыстығын этикалық тұрғыдан қарау, оларды жүзеге асырудағы тәуекелдерді бақылау мәселелерімен байланысты проблемалардың таралуын талдау мақсатында негізінен бастапқы көздер пайдаланылды. Материалдар Google және Google Scholar іздеу жүйелеріндегі сұраулар арқылы ұсынылды, сонымен қатар аталған іздеу жүйелері ұсынған іргелес басылымдар мен құжаттар қолданылды. Мақалада халықаралық және елдік қауымдастықтар, оның ішінде ғылыми этика мәселелері бойынша маманданған қауымдастықтар туралы ақпарат берілген. Әр түрлі елдер бойынша зерттеулер жүргізуде ілеспе құжаттардың мысалдары келтірілген, әр түрлі құжаттарды қарау үшін бірдей мысалдар ұсынылмаған. Сондай-ақ, ерекше мәртебеге ие ғылым және жоғары білім беру ұйымдарын қоспағанда, отандық тәжірибе қаралды. Зерттелген материалдар негізінде зерттеу этикасының негізгі нормалары мен ережелерін сақтау жүйесін іске асыру бойынша нормативтік құқықтық құжат құрылымының жұмыс нұсқасы ұсынылды.